​Кітап – ең сабырлы ұстаз

Oinet.kz 04-12-2017 3103

Қай елдің, қай халықтың болмасын оның мәдени деңгейі һәм сауаты кітаппен байланысты. Себебі, кітап білім бұлағы. XXI ғасырда кітапсыз өмір сүру мүмкін емес екендігі көзі қарақтыға мәлім. Әр адам кітап бетін ашқан сайын жаңа құндылықтарды үйренеді. «Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол» деп текке айтылмаған.

Screenshot_2.jpg

Рухани ашыққан адам жабыққанда жұбатар, қуанғанда сол қуанышты бөлісер жанды қашанда іздейді емес пе? Досқа бар сырды ақтарып, мәңгі ажырамасқа серт етерсіз. Бірақ, бір күні сол достық жолы екіге бөлінетіні анық. Немесе бұрынғыдай жиі-жиі көрісетін мезеттер артта қалып, тек қана сирек келетін сағыныш хаттарына жұбанатын сәттер де болады...Дегенмен, кез-келген жанды мәнгі қолдап, қол ұшын беретін, адамды түзу жолға салып, жол сілтейтін, өзімен бірге қызықтырып, кейде жылатып та алатын шын дос барын ұмытпаған жөн. Ол кім дейсіз бе? Ол – кітап. Ол адамнан ешқашан теріс айналмайтын данышпан.Кітап дос қана емес, ұстаз, кеңесші, ақылшы, барлық ғылым, технология атаулының атасы.Аргентиналық жазушы Хорхе Лиус Борхес «Кітап пен оқырман арасында диалог бар. Ол ешқашан үзілмейді» деген болатын.  

Кітап оқудың ұлт болашағы үшін маңызы зор. Білімсіз қоғам ешқашан да өрге басқан емес. Көп кітап ұстаған емес, көп кітап оқыған адам бай. Кітап – рухани байлық болса, оның кенін – кітапханадан іздеп табасыз. Ғылыми тұрғыдан алғанда, кітапхана деп баспа және жазба шығармаларды қоғам қолдануы үшін сақтайтын мекемені айтады.  Осыған орай, жаузшы Рэй Бредбери «Мен кітапханадан тегін білім алдым» депті.  

Кітапхана - кітаптан жиналған білім үйі, ал кітапханашы – сол кітаптармен үздіксіз қызмет жасайтын ұстаз. Қорытындылай келсек, кітап оқыңыз, білім алыңыз және қадірлей біліңіз дегіміз келеді. Елбасы да білім кені жөнінде «кітап - ең сабырлы ұстаз» деп айтқан болатын.

М.Райымбекова,

Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеті тарих факультетінің оқытушысы.

Р.Кәдірбек,

Тарих факультетінің 1-курс студенті 

Қазақстанның 5 облысын Ресейге бермеу үшін Хрущевпен ерегіскен Тәшенов
Ауыл өлеңдері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу