Халықтық ұлт тәрбиесі

Oinet.kz 06-03-2019 856

716-1476213644-318355341d.jpg

Қазақ халқының ұлт тәрбиесі отбасынан басталады. Ертеде әрбір қазақ отбасы – үлкен мектеп, үлгі-тағылым ордасы болған. Онда жалпы тәрбиенің өзегі – адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық, жақындық, достық, береке-бірлік, еңбекшілдік, адалдық, арлылық, әдептілік, әділдік, мұраттылық, тазалық, көпшілдік, халықшылдық, Отаншылдық сияқты адамзаттың ең бағалы қаситтерін негіз еткен.
 Халықтық дәстүр тәрбиесін алған әрбір азаматтың адамгершілігі асқақ, білімі терең, көз аясы кең болады. Өнер мен білімді бәрінен жоғары қояды.Сүйіспеншілік пен кегі айқын, обал-сауап, ақ-қара, адал-арам, түсінігі терең болып, ержеткенде білімі мол, ақыл-парасаты жоғары; Отанына, халқына атақ-даңқ әперетін үлгілі, өнегелі азамат болып жетіледі. Пенделік ұсақтық пен былық-шылықтардан бойларын аулақ ұстайтын саналы, адал, пәк, арлы болып есейеді. Балаларды жасына, жынысына қарай тәрбиелеуде балаларға ең алдымен адамгершілік, қарым-қатынас, ар-ұят, мейірімділік, ізгілік, адалдық, әдеп-иба, жомарттық, еңбексүйгіштік тәрбиесі жүргізіледі. Сонымен қоса, жеті жасқа келгенше ұл-қыздарына «жеті атасын білмеген  -  жетімдіктің белгісі» деп жеті аталарына дейінгі кісілердің атын жаттатқызады. Жеті жастан асқан соң, қыз негізінен шеше тәрбиесінде қалады да, ұлдың түздегі тәрбиесіне әке, үйдегі тәрбиесіне шеше жауапты болады.

 Жалпы қазақ халқының бала тәрбиесінде: «балаңды бес жасқа дейін жаныңдай жақсы көр, он бес жақа дейін құлыңдай жұмса, бас алдырмай үйрет, он бес жастан асқан соң, бидей ақылдас» деген халықтық қағиданы ұстанады.

 Бұлай тәрбиелеудің мол ғылыми негізі бар. Жеті атасын білген ұрпақ туыстық  қарым-қатынасқа мән беретін бауырмал, көпшіл болады. Сондай-ақ махаббат, неке істерінде әртүрлі ұятты істерден аулақ болады. Жастайынан адамгершілік, ізгілік, еңбексүйштік тәрбиесін алған бала есейгенде ел-жұрты мен ата-анасына опалы болады. Еңбекшіл, ержүрек, адал, арлы, моралды болып өсіп-жетіледі.

Дереккөзі: «Ағаш бесіктен жер бесікке дейін» кітабы
Авторлары Айып Нүсіпоқасұлы, Әкімбай Жапарұлы.

Әзілхан Нұршайықовтың қыздарға өсиеті
Баланы қырқынан шығарудың ерекшелігі неде?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу