Әзілхан Нұршайықовтың қыздарға өсиеті

Oinet.kz 06-03-2019 1680

776-1476212435-a37706bebf.jpg

«Қазақты жамандама қазақ бала,

Қазақ деген халық қой аз-ақ қана.

Қашанда ай астында жер үстінде,

Қазақтың жанашыры қазақ ғана.»

- деген Күләш Ахметованың өлеңі түрпідей тиеді. Қазақтың қамын қазақ жемегенде, қазақтың мұңын қазақ шекпегенде, қазақ үшін қазақ қуанбаса адыра қалдық. Ендеше, « елім» деп күй кешкен ер ағаның халқының өмірге «адам» болып келген соң арпалысқан тағдыр жолында «адам» боп қалғанын қаласа керек. Көпті көрген жанның көкіреген кернеп жүрегімен арнаған өшпес ізі өсиеттерін назарларыңызға ұсынамыз. Ақылды ару, адал жар, ибалы келін, сұлу келіншек болғыңыз келсе, anabol.kz-тен  қыз тәрбиесінің  эталоны саналатын "Ә. Нұршайықовтың қыздарға өсиетін " оқуға кеңес береміз. 

1) Егер сүйген жігіттеріңе сүйікті жар боламын десеңдер,еңбекшіл болыңдар!

2) Егер ата-енеге қымбатты келін боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!

3) Егер ертең шәкірттеріңе үлгілі ұстаз боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!

4) Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған қоғамға адал перзент, асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!

5) Егер ертең, егде тартқанда, келісті ана, кемеңгер әже боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!

Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Сонымен бірге ақылды болыңдар!

Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар! Сонымен бірге саналы болыңдар!

Ең алдымен еңбекшіл болыңдар! Еңбекшіл адам – ең ардақты адам. Дүниеде ең сұлу әйел – еңбекшіл әйел. Еңбекшіл әйел – ерге сүйікті, елге сүйкімді, отбасыға сыйлы.

…Өңді қыз өтімді қыз болғанымен, түптің түбінде есті, еңбекшіл қыз ғана жақсы жігітті өкіндірмей ең асыл жар, жан серік бола алады.

Қыздар!

Ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар, ұрысқақ болмаңдар!

Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, ұйымшыл болып өсіңдер!

… Апиын ішкендей елтіп, сәнге еліктей бермеңдер. “Жылтырағанның бәрі алтын емес” дегендей,жарқырағанның бәрі бірдей сән емес. Олардың ішінен тек өз бойыңа қонымдысын, өз денеңе жарасымдысың, сырт көзге де оғаш көрінбейтін ұнамдысы ғана сән. Ендеше, өздеріңе не жарасып, не жараспайтынын біліңдер.

Көрсе қызар болмаңдар!

Қол жетпеске тыраштанбаңдар!

Құр сәнқойлықтан сақтаныңдар. Сананы сәнге емес, сәнді санаға бағыныңдар.

Қыздар!

Желкілдеген жеңілтек болмаңдар! Желпілдек қызды жебір жігіттер жентектеп ауыздарына бір-ақ құлғыта салуға құмар келетінін ұғыңдар, ұмытпаңдар… Сабырлы болыңдар, салиқалы болыңдар, салауатты болыңдар, қарақтарым!

Қыздар!

Сұқ көзден сақтаныңдар. Сұлу сөзден сақтаныңдар. Шынайы махаббат мақтауды қажет қылмайды. Орынсыз мақтаудын сақтаныңдар, абыройдан аттаудан сақтаныңдар!

Пәк болыңдар!

Пәк болу үшін сақ болыңдар бауырларым!

Алайда, қазір сендердің жігіттерден көз алмайтын, жігіт жаққа қарайлап көп қарайтын шақтарың ғой бұл кез. Қарағанда олардың сыр сиқына, киген киіміне, ресторанда қалталарынан шытырлатып шығарған ақшаларына қарамаңдар, қарақтарым. Өңді қыздың бәрі жөнді қыз бола бермейті сияқты, жылтырағанның, жымыңдағанның, жылпылдағанның бәрі бірдей жақсы жігіт бола бермейді. Жаман жігіт болғанымен, жақсы жар бола бермейді.

Сондықтаң жігіттерге қарағанда олардың ішкі дүниесіне үңіліңдер, адамгершілік, азаматтық сапасына көз жүгіртіңдер…

… Жігіт таңдағанда көңіліңнің қос қанаты ақыл мен сезімді тең ұста. Тек сүйген жанға ғана қосылу қажет, қосылған жігітіңді өмір бойы сүйіп өтетініңе кәміл сенімің болсын. Өзімшіл, өркөкірек жігіттердің өкінішке ұрындыратынын ұмытпаңдар. Жаман жолдастан жалғыздық жақсы…

Дереккөз : anabol.kz

Сатып алу
Халықтық ұлт тәрбиесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу