Изабель Маранның сұлулық сырлары

Oinet.kz 12-04-2019 984

image_l (26).jpg

Француз дизайнері Изабель Маран үнемі мінсіз қалыпта жүретін болса да, сырт келбетіне "үлкен инвестиция" құймайтыны айдан анық байқалып тұрады. Ол әр жасанды кірпігін тарап, қандай да бір кездесу алдын салон мамандарына көмегіне жүгінетін, идеал бикеш бейнесін еске салмайды. "Сұлулық сырт келбетте емес, ол ішкі үйлесімділікте. Егер сіз өзіңізді күтуге дағдыланған болсаңыз, аз ғана көз бояуы не қызыл далаптың өзі жетіп жатыр. Тек екеуін қатар қолданбасаңыз болғаны. Мен қай нәрсеге қатысты да тым перфекционист емеспін. Бәріне жеңіл қарау керек. Тағам даярлағанның өзінде де нақты рецептіге сүйеніп, әр қадамын тура жасамай, жәй көңіліңіз қалағандай жасағанды жөн санаймын. Бұл келбетке де қатысты. Мінсіз бейне адамды тез жалықтырады", - дейді Изабель.  

Біздің қыздар салон, спа, медициналық орталық көмегіне апта сайын жүгініп, "жұлдыздардан" бір елі қалмайтын болса, Изабель Маран, тіпті, шаштаразға да бармай, шашын  шәй ішуге келген құрбысына қидыра салады екен. Макияжға келгенде баланс сақтаған жөн дейді. Нағыз француз ретінде Изабель қызыл далапты ұнатады. Көзіне табиғи тері түсіне жақын бояу пайдаланады екен. Оны қылқаламнан гөрі саусақтың ұшымен жеңіл-желпі  жаға салсаңыз, жұртты жалықтырардай мінсіз көрінбейтініңіз анық. Тағы бір ескеретін жайт, ағартатын кремдердің бірінің үстіне бірін пайдалана бергенше, табиғи күнге күйген терінің қаншалықты әдемі көрінетініне мән берген дұрыс. "Мен ешқашан косметологқа, не спа салонға бармаймын. Маған біреу сұлулықты жапсырып береді деген далбасаға сенбеймін. Есесіне қолым босай қалса, өз-өзіме бьюти-ритуалдар жасап, лаванда эфир майы қосылған ванна қабылдаймын. Ал, жас ұлғайған сайын көбейетін әжім мен ағарған шаштарды ойлап көңілімді түсірмеймін. Бұл — өмір! Әдемі қартая білу де — өнер", - дейді ол. 
Дереккөз: massaget.kz

Махаббат туралы нақыл сөздер
Серігіңіз құрметтесін десеңіз...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу