Серігіңіз құрметтесін десеңіз...

Oinet.kz 12-04-2019 980

image_l (27).jpg

Үйлесімді қарым-қатынас пен бақытты отбасыны махаббат пен өзара сыйластықсыз елестету мүмкін емес. Сонымен қатар, бұл екі элемент өзара тығыз байланысты. Бірақ кейде күйеуінің оны құрметтемейтіндігін айтып, шағымданатын әйелдер кездесіп жатады. Әйел ер адамның құрметіне ие болу үшін не істеу керек? Өзіңізге деген қатынасты өзгертіңіз Өзіңізді жақсы көрмей, біреудің сүйіктісі болу қиын. Мұны психологтар өзін-өзі төмен бағалайтын адамдарға қайталап айтып келеді. Бұл құрметтеуге де тікелей байланысты. Егер әйел өзін құрметтемесе, онда серігінің құрметін алуы екі талай. Өзіңізді құрметтеу үшін не істеу керек? Біріншіден, өз кемшіліктеріңізді қабылдаңыз және артықшылықтарыңызды пайдаланыңыз. Кемшіліктен гөрі артықшылықтарыңызға көбірек мән беріңіз. Екіншіден, қай салада өзіңізді жақсы көрсете алатындығыңызды ойланыңыз. Жетістіктеріңізге анализ жасап, мақтаныш сезімін оятыңыз. Нені жақсырақ жасайтыныңыз маңызды емес: тоқу, суретке түсіру, дәмді тамақ пісіру немесе қайырымдылықпен айналысу. Бастысы, сол істе өзіңізді таба білсеңіз, сезіне білсеңіз және одан ләззат ала білсеңіз болғаны. Осылай, өзіңізге деген құрмет ояна бастайды, яғни, күйеуіңіз де сізді құрметтей бастайды. Өзіндік даралығыңызды сақтаңыз Кей әйелдер шоу-бизнес, актриса, блогер, құрбы немесе т.б адамдарға еліктеп, соларға ұқсағысы келіп, тіпті, кейде олардың әрекеттерін де қайталап жүреді. Кейде еліктегені соншалықты, олар өздерін жоғалтып алып жатады. Біреудің құрметіне ие болу үшін әйел өзіндік қасиетін сақтау керек. Әркім өз даралығын түсінуге тырысып, оны әрі қарай дамытуды ойлау керек. Әлемде түрі, мінезі, ойлауы, қасиеттері және т.б жағынан дәл сіздей адам жоқ екенін түсініңіз. 

Өз күшіңізге сеніңіз, өз даралығыңызға басшылыққа алыңыз, басқаның ойымен жүрмей, өз қалауыңызды жүзеге асырыңыз. Иә, қатынаста келісімге келе білу маңызды, бірақ ол серігіңіздің барлық айтқандарымен келісу дегенді білдірмейді. Жағдайға қарап, өзіңіздің де ойыңызды айтып, бір келісімге келуге тырысыңыз. Өмірге деген көзқарасыңызды, қызығушылығыңызды ер адамның көңілінен шығу үшін түбегейлі өзгертудің қажеті жоқ. Ортақ хобби, қызығушылық міндетті түрде табылады. Егер сізге футбол көру ұнамаса, өтірік ұнайтындығын айтып, өзіңізді қинаудың қажеті жоқ. Оған өзіне футбол көруіне уақыт беріп, шынымен де сізге ұнайтын іспен айналысыңыз. Ер адамды құрметтеңіз "Сыйға – сый..." демекші, күйеуіңіздің құрметіне ие болу үшін, алдымен, оны құрметтеп үйреніңіз. Егер әйел күйеуінен өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар адамды көрмесе, оны жеке тұлға ретінде қабылдамаса, ер адам деп сыйламаса, құрмет туралы армандамаса да болады. 

Нәзіктігіңіз бен жұмбақтығыңызды ұмытпаңыз Жан-жақты дамуға тырысыңыз. Ең алдымен, өзіңіз үшін дамуға тырысыңыз және сол жаңа қасиеттеріңізді отбасылық өміріңізге қолданыңыз. Мысалы, бос уақытыңыз болса, тігуді, сурет салуды, тамақ пісіруді және т.б үйреніңіз. Содан соң отбасы мүшелеріне ерекше тамақ дайындап беріңіз, бірдей етіп киім тігіп көріңіз, яғни біртіндеп оларға жаңа қырыңыздан көрініңіз. Сонымен қатар, нәзік болуды ұмытпаңыз. Бәріне үлгеремін деп, барлық шаруаны тек өз мойныңызға ала бермеңіз. Ауыр істі ер адамға тапсырыңыз, кей шаруаны балаларыңызға бөліп беріңіз. Сыпайы болыңыз Қанша шаршап тұрсаңыз да, басқалардың көзінше айқайлай салуды, сөйлей беруді доғарыңыз. Ер адамдар сыпайы әрі салмақты әйелдерді құрметтейді. Ол үндемей, бар айтылған нәрсемен келісіп жүре беру деген сөз емес. Бірақ, әр нәрсенің өз орнын білуді, бірден түсінуді үйреніңіз. Жаңа жыл – жаңа өмір: бақытты отбасының 3 әдеті
Дереккөз: massaget.kz

Изабель Маранның сұлулық сырлары
Виктория Бекхэмнің сұлулық сырлары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу