Қалай сымбатты болуға болады?

Oinet.kz 19-04-2019

image_l (13).jpg

Ең қиын жұмыс - өз-өзіңмен жұмыс істеу. Өзін қадағалап, ретке келтіру- кез-келгеннің қолынан келе бермейтін іс. Сымбатты болмыс-бітім, деніңіздің саулығы маңызды рөл атқарса сіз үшін, онда өзіңізбен жұмыс істей біліңіз! Жаттыққыңыз келіп, сізге батылдық жетіспесе, біздің кеңеске назар аударып, дереу іске кірісіңіз! Өйткені, өздігінен шынығу сізге денсаулық пен сымбаттылық ғана беріп қоймай, еркіндік, қызықты адамдармен танысуға да мүмкіндік береді. Ең біріншіден, мақсатқа қол созыңыз. 

Шынығу барысында бір ғана жаттығумен шұғылдана бермей, әр жүгірудің өзін  кезектестіріп отырыңыз, жүгіріп тартылу, жай жүгіру және жүгіріп секірмекпен секіру тәрізді. Егер сізде жүрек  тамырлары аурулары жоқ болса, онда жоғары қарқынды жаттығулар істеуге қорықпаңыз. Бұл аэробтық жүктемелерден гөрі үлкен зат алмасу әсерін  береді. «Ас-адамның арқауы» дейді қазақта. Оның өзінде денсаулыққа пайдалы тағамдар туралы ұмытпаңыз.

Сымбатты физикалық формаға жету үшін пайдалы ас ішу шарт: тұзы аз, қанты жоқ, ақуызы көп тағамдар. Мақсатыңызды анықтай біліңіз. Есептей отырып алға мақсат қойыңыз. Мысалы, қазір сіз 5 рет  тартылып жүрсеңіз, бір айдан кейін 10 рет тартылу деген сияқты. Мақсат қол жетімді әрі өлшенерлік болу керек. Өзіңіздің әлсіз жақтарыңызбен жұмыс істей біліңіз. Егер сізге жаттығу ұнамаса, олар бәрібір сізде дұрыс шықпайды. Сондықтан, «ұнатпайтын» жаттығуларыңызды сізге ұнайтын жаттығулармен  кезектестіріп жасап  отырыңыз, бірақ екеуінде ретімен орындаңыз. Жүйелі түрде жұмыс істеңіз, әрдайым дайындалыңыз. Күнделікті жаттығуға икемделіңіз.

Сымбатты форма қалыптасқаннан кейін үнемі үдерісте болуды қажет етеді. Күн суый бастаса, жаттығуыңызды жалғастыру үшін жақсы спорт залға барып дайындалғаныңыз жөн. Өзіңізбен бірге жаттығатын адам болғаны дұрыс. Жаныңыздағы адамға қарап, бой түзеп, жақсылығын үйренуге тырысыңыз! Ол адам арқылы сіз шыңдала түсесіз, бірге дайындалудың кемдігі жоқ, кеңдігі болмаса. Егер сізбен жаттығатын тәжірибелі адам болмаса, жаттығу  барысында  қалай  шынығатыныңызды білмей, жаттығудың әдіс-тәсілдерін істеу қиындық тудырса, профессионалды жаттықтырушымен дайындалыңыз. Және таза ауада дайындалуға тырысыңыз. Немен шұғылдансаңыз, соған жан-дүниеңізбен кірісіңіз. Есіңізде болсын, қандай дүниемен айналыссаңыз да, істеген жұмысыңызды жасы көріп тұру қажет, іске барынша кіріскен дұрыс,сонда ғана  нәтижесі күттірмей, жемісін көріп, жеңіске жетесіз!
Дереккөз: massaget.kz

Джинс шалбарды сәнді етіп киюдің тәсілдері
Көк шайдың пайдасы бар ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу