Халықты айыптаса да депутаттар жұмған аузын ашпады

Oinet.kz 21-02-2022 1445

WhatsApp Image 2022-02-21 at 15.49.02.jpeg

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент филиалы директоры Елнұр Ибраев үш жылдық мораторий кезінде тамыр-таныстықпен үйлеріне газ кіргізіп алып алданған тұтынушылардың өздерін айыптады. Сол үстелдің басында астанадан арнайы ат арылтып жеткен Парламент Мәжілісінің депутаттары Ғани Ташқараев пен Мұхтар Ерман да отырды. Қос қалаулы үнсіз тыңдады, жұмған ауыздарын ашпады.

WhatsApp Image 2022-02-21 at 21.37.11.jpeg

Бүгін бір топ қоғам белсендісі ел аралап жүрген Парламент Мәжілісінің депутаттары «ҚазТрансГаз Аймақ» ғимаратына келетінін естіп, кездесуге келген болатын. Олар газ саласында қордаланып қалған біраз мәселені көтерді. Табиғи монополия субъектілерінің құзіретттерін асыра пайдаланатынын, тұтынушылар құқығы сақталмайтынын жеткізді. Газ бағасының қымбаттығын, мораторий кезінде амалсыз газ қостырып алған отбасыларға салынған қомақты айыппұлдардың соңы парақорлыққа жол ашып жатқанын айтты.

– «Монтажниктер келді, қосып берді, газ бермей жатыр» дейсіздер. Қаланың бәрі біледі. Үш жыл бойы бізде мораторий болды. Газ қосуға рұқсат жоқ. Бірақ, біздің тұрғындарға кейбір монтажниктер келіп, «по тихаря по блату қосып берем, газбен отыра бересің. Котроллермен бірдеңе қып шешсең болды» деп, сондай движениелерге келтіреді. Осы ситуацияны пайдаланып, мораторийде қарапайым адамдарды алдап, газ қосқан. Сосын біздің мамандар тексеріп шыққан кезде базада жоқ тұрғындарға штраф салады. Дәл солай болып тұр. Енді ондай ситуациялар болмайды. Себебі 1 февральдан бастап мораторий алынып тасталды. Ал, монтажниктердің қосу бағасы туралы айтсақ, 100 мыңға, 400 мыңға қосса да ол олардың өздерінің қойған бағалары. Алматыда 1,5-2 млн деген бағалар да бар, шынын айтқанда. Олардың бағасында ешқандай жұмысымыз жоқ. Өйткені мұндай қызмет түрлерін антимонопольный комитет бізден алып, 2015 жылдан бастап конкуретный средаға беріп тастаған, – деді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент филиалы директоры Елнұр Ибраев еш қиналмастан.

Ал, халықтың сөзін сөйлейді деп үміт күткен депутаттар есіктен кіріп келгенде-ақ асығыс екенін айтқан еді. Рас екен, жөнді пікір айтуға да жарымаған Ғани Ташқараев пен Мұхтар Ерман бір «Джип», екі әдемі шетелдік көлікке мініп кетіп қалды. 

Қаңтар оқиғасы: бүйрегі істен шыққан полицей қызметін жалғастырғысы келеді
Жеке тұлғалардың мобильді аударымдары бойынша өлшемшарттар әзірленді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу