Бұ атаңанәлеттермен қалай күрессек болады енді?!

Oinet.kz 23-07-2022 2718

Қазақтың қазіргі жауы кім? 

Screenshot_7.jpg

Қазақтың жауы қазақ дегенді көтере алмайтын жанның бірі мен едім. Уай, қазаққа қазақтың ғана жаны ашиды, одан басқа жанашыры жоқ дегенді мен де жиі айтушы едім. Енді ол ойымнан айныдым. Қазақтың жауы қазақтың өзі екен. Жәй жау болса бір жөн, алты атасында кегі кеткендей өш, көзі қарауытқан дұшпан екен. 

Күні кеше 93 ші мектептегі дауды бәріміз естідік. Естідік те есеңгіредік. Дәл сондай арсыз дұшпандықты қазір қазаққа тек қазақ жасап отыр. 

Мысалы Астана түбіндегі Қосшы қаласында жаңа мектеп бой көтерді. Таза қазақ мектебі болуы тиіс білім ошағы енді аралас мектеп болатын бопты. Оған кімдер мұрындық болды дейсіздер ғой. Кілең қазақ. Қазақ деген аттан садаға кеткір өңшең орыстың сойылын соққан мәңгүрттер әкімдіктің миын жеп жүріп орыс сыныптарын қостырыпты. Оу орыс сыныбы араласты деген сөз бітті, бүкіл мектеп орысша шүлдірлейді деген сөз ғой. 

Бұ атаңанәлеттермен қалай күрессек болады енді?!  Миым жетпейді. 

Қосшының чатындағы әңгімені көріп жағамды ұстадым. Құдай бетін аулақ қылсын, орыс қоқаңдап келетін болса ләпбайлап қарсы алатын 5 колоннаң дайын тұр екен арамызда. Орыс жалмауыз дегеніне жеткен екен. Ұлттық қасиет, елдік кепиеттен айыруды көздеп еді қазақты, қалағаны болған екен. Қазақ бордай тозған екен. Кедей кепшіктің тілі болған қайран қазақ тілі қорғансыз қалған екен. 

Бір келінім жекеменшік мектепте сабақ береді. Қазақ сыныптары жабылып жатыр,  өйткені қазақ байғұстың баласын оқытуға қолы қысқа, шамасы жоқ дейді. Керісінше орыс сыныптары көптеп ашылып жылына 1-2 миллион төлеп оқытатындар өзге ұлттың өкілдері мен қараорыстар дейді. Өзегің өртенеді әкесссс. 

Бұ не болдық біз? Қайда бара жатырсың сорлы қазақ?! Өз елімізде өгей болған бір бейшара жұрт болдық қой. Кім кінәлі? Не істей аламыз ағайын???!

Нартай Сайданбекұлы, facebook парақшасынан

«Өсек ұлттың рухына үлес қоспайтынын түсінгейсіздер» - Ахметова мен Елшібаеваға қатты айтты
Біреу тепсе «Кешіріңіз, аға, менің құйрығым сіздің аяғыңызға тиіп кетті», деп тыныш жүретін заман
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу