Киіз үйді шоқынуға да тігетін болғанбыз ба?

Oinet.kz 20-04-2019 1014

Screenshot_14.jpg

Христиан дінін ұстанған қауым қаңтардың 18-нен 19-на қараған күні мұздың жарығына түсіп шоқыну рәсімін жасады. «Крещения мерекесі» деп атап кеткен бұл рәсімді әлбетте Павлодар өңірі де құр жібермейді. Жылдағыдай қала іргесіндегі Усолка өзенінің мұзын тесіп, христиан дінін ұстанғандар суық суға түсіп шоқыну рәсімін жасады.

Зайырлы мемлекет ретінде еліміз діни рәсімдер мен мерекелерге тыйым салмаған. Сондықтан түрлі ағымды ұстанған қауым өздерінің салт- жораларын өткізіп жатады. Дегенмен, бұл жолғы Павлодарда өткен суық суға түсіп шоқыну дәстүрі, мұсылман қауымына соның ішінде қазақ азаматтарына біртүрлі қораш көрінді. Қораш көрінгені қазақтың киіз үйі. Шоқынатын мұз жарығының жанынан бірнеше киіз үйлер тігіліпті. Шоқыну рәсімін жасаушылар сол киіз үйлердің ішінде шешініп, суық судан шыққан соң соның ішінде «бойларын жылытады».Ата-бабаларымыз ордаға айналдырып, қадір тұтқан киіз үйіміз қазір кім көрінгеннің қажетіне осылай жарап жүр. Күндердің күнінде киіз үйден әжетхана жасап қойса да таңғалмайтын шығармыз. Бұған жол беріп отырған қала басшысының да қазақы қадір қасиеттен жұрдай болғаны ғой. Суға түсіп шоқынушылардың ішінен қаракөздерді көріп қалғанда да біртүрлі тіксініп қалады екенсің. Кейбіреулері расымен де христиан дініне бет бұрғандар болса, арасында «тентек суға» тойып алып қызды-қыздының буымен суға түсіп жүргендер де кездеседі. Жалпы, Павлодар қаласының билігі жыл санаудан шатасып жүрген сияқты. Жаңа жылдық безендірулерде қала көшелерінде ылғи Жылқы жылының атрибуттары орнатылған. Сол былтырғы жаңа жылдағы безендірулерді қайтадан орната салыпты. Ал, қой жылы екенін білдіретін бірде бір көрініс жоқ. Бәлкім, шаһар басшысы Болат Бақауов  қой жылын шығыс халықтары сияқты Наурызда қарсы алайын деп жүрген шығар. Әй, ондай атты күн туса...? Әлде, «қой жылы ма, әлде ешкі жылы ма?», деп екі ойлы болып басы қатып жүрген болар. Соңғы бірнеше жылда Павлодар қаласына жөні түзу бір басшы бұйырмай-ақ қойды. Осының алдындағы әкім қымбат шыршамен шулатып, «атың шықпаса жер өртенің» керін келтіріп еді, қазіргісі Крещенияда киіз үй тігіп айды аспанға шығарып отыр. 

Есенбек Санатұлы

Мұрағаттан: 22.01.2015


Ресейдің ақыры соғыстан емес халықтың азаюынан болады
Қазақ мультфильміне кімдер кейіпкер болып жүр?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу