Қала жастарына кәсіппен айналысуға мүмкіндік жасалмақ
Адам жас кезінде тың ойлап, сол ойларды еш қиындықсыз жүйелей алады. Сондықтан да қазіргі таңда жастарды қолдап, олардың стартап идеяларына қолдау көрсеткен абзал.
Осы орайда Түркістан қалалық әкімдігінде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ-нің басшысының орынбасары Ерназар Баетов, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова, облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Ғани Байсариев және бас маманы Жандос Әсілбек, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының кәсіпкерлің басшы орынбасары Самат Көшкінбай, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, облыстық мәдениет басқармаларының өкілдері мен облыстық, қалалық Жастар ресурстық орталығының жастары мен, студент жастардың қатысуымен жиын өтті.
Жиын барысында бірқатар мазмұнды сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар берілді.
Атап айтқанда, 1) «Сырттай оқу білім жүйесі қашан ашылады?», 2) «Қазіргі таңда қаламыздағы жастар арасында (құрлысшы, дәнекерлеуші, механик, электрик, сәулетші, инженер т/б) елеусіз болып қалған мамандықтарын оқуға немесе сол мамандықтарды игеруге жастардың құлшынысын қалай арттыруға болады? Бұл саладағы мамандардың жетіспеуі жалақыға байланысты ма?», 3) «Биылғы 1 қыркүйектегі ҚР Президентінің жолдауындағы 2.3% пайыздық несие туралы және оның тиімділігі мен бағыты қандай болмақ?», 4) «ҰБТ тапсырмай, шетелдік университеттерге грантқа оқуға түсу мүмкіншіліктер мен ғылыми ағартушылық жұмыстар түсіндірме жұмыстары қаншалықты деңгейде өтуде?», 5) «Жастар арасында кәсіпкерлікпен айналысу үшін мемлекет тарапынан қандай қолдаулар көрсетілуде?», 6) «Мектепті бітіруші түлектерге профорентациялық кеңес беру жұмыстарының деңгейі қалай жүргізіледі? Неге көптеген мектеп бітіруші түлектер өздері қаламаған мамандықты оқуға мәжбүр?»
Жиынды қорытындылаған модератор Ерназар Көпжасарұлы аудан, қалаларда жастарға білім беру, жұмысқа орналасу және кәсіпкерлік мәселелері бойынша ақпарат және кеңес беру жұмыстары жалғаcатынын жеткізді.