27 көше жөнделеді

Oinet.kz 23-05-2019 806

Screenshot_28.jpg       

Төлеби ауданына қарасты Леңгір қаласының көшелерін реттеуге, абаттандыруға аудандық бюджеттен де қаржы бөлінбек. Соның нәтижесінде аудандық орталық көшелерін жарықтандыру, аялдамаларын реттеу, жаяу жүргіншілер жолын салу толығымен іске асатын болады. Аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық,  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұрлан Өксікбаевтың айтуынша, биыл әр ауданды көріктендіруге облыстан қосымша 1 миллиард теңге қарастырылған. Ол қаржыға Леңгір қаласының жөнделуге тиіс көшелерінің бәріне асфальт салмақ. Жергілікті бюджеттен 27 көшені жөндеуге 600 млн. теңге қаралыпты. Аудан көлемінде  асфальттанған көшелердің көлемі 50 пайызға жақындаған. Сонымен қатар мамандардың мәліметінше Леңгірде үлкен саябақ бой көтеріп, көшелері толықтай абаттандырылады деген жоспар бар.

Айта кетейік, ауданның жолдарын жөндеу, абаттандыру, көріктендіру өңірдің туризм саласына да оң ықпал етпек. Себебі табиғаты тамаша ауданда туристерге қызмет ететін жетпіске жуық демалыс және тарихи,  киелі орындар бар. 

Алманың түр-түрін еккен
Келесте еліміздегі ең ірі жылыжай салынбақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу