Жастар кәсіпкерлігіне қолдау басым

Oinet.kz 02-04-2023 295

сайт8.jpg

Шымкент – жастарының саны жөнінен республикадағы алдыңғы орындарда тұрған басты қалалардың бірі. Қоғамның қозғаушы күші жастар. Сондықтан қай елдің өскелең ұрпағы жан-жақты жетілген білімді де білікті болса, сол мемлекет түбінде озады. Осы орайда елімізде жастарға жасалып жатқан қамқорлық аз емес. Соның ішінде жастарды кәсіпкерлікке баулу, қаржылай қолдау мәселесі де шешімін тауып жатыр. Бұған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 1 қыркүйегінде «Әділетті мемлекет». Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы дәлел. Онда Мемлекет басшысы жастардың бизнес бастмаларына қаржылай көмек көрсетілетінін айтқан еді.  

«Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыруымыз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету жалғасады. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді» деді Президент.

Осыған байланысты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында жастарға жеңілдетілген шағын несие беру қағидаларын бекітті. Кәсіпкерлік қызметті бастауға ниет білдірген немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21-35 жас аралығындағы жастарға шағын несиелер конкурстық негізде беріледі.

Несие «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жүзеге асады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-дан аспайды. Несиенің максималды сомасы 5 миллион теңгегені құрайды, сондай-ақ кепілзаттың болуы міндеттеледі.

Шағын несиелерді кез келген мақсат үшін 5 жылға, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге алуға болады. Сондықтан бұл шымкенттік жастарға өз бизенс жоспарын дамытуға үлкен мүмкіндіктер сыйлап отыр.


Жастар лигасы – нағыз спорттық дода
Еріктілер атқарар іс көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу