Еріктілер атқарар іс көп

Oinet.kz 03-04-2023 268

сайт9.jpeg

Жастарға бүгінгі қоғамда керегі – рухани тірек пен әлеуметтік қолдау. Осы тұрғыдан келгенде жергілікті әкімдік өскелең ұрпақтың үлкен азамат болып жетілуіне барынша жағдай жасауда. Олардың қатарында баспанамен қамту, сапалы білім, саналы тәрбие беру, тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету, жаман әдеттерге ұрынып қалмау үшін бос уақытын пайдалы іске арнау секілді маңызды іс-шаралар бар. Шымкент экономикалық өсім жағынан республикадағы динамикасы жоғары өңірлердің бірі. Сол себепті бүгінде шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны күрт артып келеді. Шаһарда шағын және орта кәсіпкерліктің өркен жаюы жастарға жұмысқа орналасуға немесе біліктілігін арттырып, қосымша курс оқуға мүмкіндік береді. 

Бүгінгі таңда мегаполисте жастар мәселесіне қатысты фронт-офис кеңсесі қызмет көрсетеді. Аталған мекеме шаһардағы 10-нан аса волонтерлік ұйым-дармен және жоғары, орта арнаулы оқу орындарымен тығыз жұмыс атқара-ды. Осы волонтерлік ұйымдармен «Жанға жылу» акциясы аясында қаладағы аз қамтамасыз етілген мыңға жуық отбасыға азық-түлік себеттері таратылды. Сонымен бірге Birgemiz: Qamqor жалпыұлттық жобасы аясын¬да мүмкіндігі шектеулі жандарға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттері үлестіріліп, «Харекет» қайырымдылық қоры мен «Ізгілікте жарысайық» қоғамдық қайырымдылық қорлары асыраушысынан айырылған көпбалалы отбасыларға баспана кілтін табыстады. Ал Birgemiz:Saulyq бағыты шеңберінде «Ардагерлерді ардақтайық», «Мен донормын», «Дені саудың – жаны сау» акциялары ұйымдастырылып, қаланың 4 ауданындағы ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты 80-ге жуық қарт кісілердің қан қысымы өлшеніп, керекті дәрумендер мен жеміс-жидектер таратылды. Birgemiz: Bilim бағыты бойынша «Жарқын Болашақ», «Білімдінің күні жарық», Blitth акциялары қолға алынып, 20-ға жуық әртүрлі сала мамандарымен бірге мастер-класстар мен тренингтер өтті. Бұдан бөлек Birgemiz: Sabaqtastyq жалпыұлттық жобасында «Ерекше жол», «Қасиетті жол» және «Жігер» қоғамдық қорларының атсалысуымен «Бақытты балалық шақ» тақырыбында оңалту және бейімдеу орталықтарында балаларға арнап 10-ға жуық акция ұйымдастырды. Осындай тағы бір жоба Birgemiz: Umit бойынша Жастар ресурстық орталығының еріктілері.


Жастар кәсіпкерлігіне қолдау басым
Жастар уақытын тиімді өткізу маңызды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу