Жастар уақытын тиімді өткізу маңызды

Oinet.kz 03-04-2023 363

сайт10.jpg

Шымкент қаласының әр ауданынан «Жастар ресурстық орталықтары» ашылған. Мәселен, Қаратау аудандық «Жастар ресурстық орталығы» да 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмысын бастады. Орталық 2 қабаттан тұрады және бір мезетте 150 адамға дейін қызмет көрсете алады. Ғимарат арнайы COWORKING алаңымен және шағын кітапханамен жабдықталған. Орталық мамандары талантты жастарды, еріктілерді қолдау, психологиялық кеңес беру бағыттары бойынша жұмыс жүргізеді. Қаратау аудандық әкімдігі жастар саясатын қолдауға байланысты жыл сайын көптеген іс-шара өткізеді. Сонымен қатар орталық жанынан қыш құмыра жасау, домбыра тарту, би өнері секілді үйірмелер ашылды.

Әл-Фараби ауданының аумағы Шымкент қаласының орталығында жатқан-дықтан мәдениет және спорт ошақтары, ойын-сауық орталықтары мен демалыс орындары көптеп орналасқан. Сондықтан да аудан жастарына түрлі шығармашылықпен айналысуға, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік мол.

Сондай-ақ жастардың бос уақытын тиімді өткізу үшін аула чемпионаттарының кестесі бекітіліп, спорттық жарыстар ұйымдастырылып келеді. Асық ату, ләңгі тебу, белтемірге тартылу, баскетбол, арқан тартыс, секіру сынды спорт түрлерінен бақ сынасып, жеңімпаз атанған балалар мен жастар алғыс хаттармен және түрлі сыйлықтармен марапатталады. Сонымен бірге халықтың сүйікті демалыс орындары – жеті саябақта жастардың уақытын тиімді пайдалануы және спортпен шұғылдануы үшін тренажерлық құралдар орнатылған.

Жастар ресурстық орталықтарында шығармашылық бастамаларды демеу, мемлекеттік қолдау бағдарламаларын түсіндіру, еріктілікке тарту, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, психологиялық жәрдем беру және саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жастарға қызмет көрсетіледі. Осындай қолдаудың бір түрі коворкинг орталығында жүзеге асырылады. Онда жас кәсіпкерлер, бағдарламашылар, дизайнерлер, фрилансерлер және медиа контентпен жұмыс істеушілердің қолайлы еңбек етуіне жағдай қарастырылған. Ресурстық орталықтың кітапхана қорынан «Түркі әлемінің тарихы» және «Әлем әдебиеті», сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аударылған «100 жаңа оқулықтар» және жастарға қатысты әлемдік әдеби-тарихи оқулықтарды табуға болады. 


Еріктілер атқарар іс көп
"Жайлы мектеп" жаңа білім сапасына жол ашады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу