"Жайлы мектеп" жаңа білім сапасына жол ашады

Oinet.kz 03-04-2023 360

сайт11 фото.jpg


2023 жылы Шымкентте қазақ тілінде білім беретін 15 жаңа мектеп ашылғалы жатыр. Олардың құрылысын жеке инвесторлар қаржыландыратын болады. Бұл білім ошақтарында келешекте 11 мыңнан астам бала оқымақ. 

Сонымен бірге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес шаһарда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша зәулім, заманауи халықаралық стандарттарға сәйкес білім ошақтары пайда болады. Бұл туралы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған. 

«Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың  заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек. Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс. Үкімет осы бастаманы заң тұрғысынан рәсімдеу туралы шешім қабылдауы керек» делінген боатын Жолдауда. 

Осыған орай  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысы өткен. Жиында ұлттық жобаларды әзірлеуге қатысты мәселелерді талқыланды. Соның ішінде. "Жайлы мектеп" жобасы бойынша Оқу-ағарту министрлігі тарапынан баяндама жасалды. Аталған жобаның мақсаты – мектептердегі орын тапшылығы мәселесін жүйелі түрде шешу. Оның жүзеге асырылуы 800 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салуға мүмкіндік береді.   Баяндаманы тыңдаған Президент білім алу үшін дұрыс жағдай жасау мемлекеттің аса маңызды міндеті екенін атап өтті. 

Сондықтан бүгінгі қоғамда білім беру мәселесі  Үкімет пен жергілікті әкімдік назарынан түскен емес.


Жастар уақытын тиімді өткізу маңызды
Үш ауысымды мектептер жойылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу