Спорт инфрақұрылымын дамыту – басты міндетке айналды

Oinet.kz 06-04-2023 384

сайт24 фото.jpg

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарында «Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың санын жалпы халықтың 50% - ына дейін жеткізу» көрсеткіші бекітілген. 2022 жылдың қорытындысы бойынша қаладағы дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданушылар саны 458 852 адамды /42%/ құрады. Бұл туралы Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев айтып берді.

Басқарма басшысының мәлімдеуінше «Халықтың 1000 адамға арналған спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі» көрсеткіші 2022 жылғы жоспар бойынша 51%ға жеткізу болатын, 2022 жылдың қорытындысы бойынша аталған көрсеткіш 59,9% орындалды. Б.Тұманбаев дене шынықтыру және спорт басқармасының 2023 жылы І тоқсанда атқарған жұмыстары туралы және дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың үлесін арттыру аясында қолға алынатын жоспарлар жайында да қысқаша баяндап өтті.

Бүгінгі таңда дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың үлесін арттыру аясында спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асуда. Бағдарламаны іске асыруға жергілікті бюджеттен 2 323 млн. теңге қаржы қаралды. Аталған бағдарлама бойынша қазіргі уақытта 113 кәсіпкер жұмыс істеп жатыр. Мемлекет қамқорлығының аясында 19 333 бала 20 спорт түрімен /217 секция/ тұрақты шұғылдануда, сонымен қатар, 338 жаттықтырушы және 200-ге жуық қызметкер жұмыс орнымен қамтылды. 

Сондай ақ басқарма қарамағындағы 29 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемесі және мемлекеттік жекешелік-әріптестік аясында 5 спорт нысаны қызмет көрсетеді. Осы спорт мекемелерінде 18 242 спортшы мен 906 жаттықтырушы оқу-жаттығу сабақтарын жүргізеді.

2023 жылы бұқаралық спортты дамыту мақсатында қала мектептері арасында футбол, волейбол, баскетбол, шахмат спорт түрлерінен наурыз-маусым айлары  аралығында 526 команда құрамындағы 6240 бала қатысатын «Шымкент жастар лигасы» өткізіледі.

Ал биылғы жылдың 17 қыркүйегінде қала тұрғындарының қатысуымен «Шымкент марафон» спорттық іс-шарасын өткізу көзделіп отыр. 


«Қамқорлық» орталығының қамқорлығы
Спорт нысандары артып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу