Спорт нысандары артып келеді

Oinet.kz 06-04-2023 347

спорт нысандар фото.jpeg

Статистикалық есеп бойынша қалада 1075 спорттық нысан жұмыс істейді. Оның ішінде дене шынықтыру және спорттық бағытта-520, білім мекемелеріне қарасты-503, спорт мекемелері иелігіндегі-52 нысан бар. Ал жалпы спорт ғимараттарының- 149-ы жеке меншікте.

Мәселен, 2023 жылдың ақпан айында қаламызда «Үстел теннисі спорт кешені» пайдалануға берілді. Ал жыл соңына дейін қосымша 5 спорт кешенінің құрылысы аяқталып, ел игілігін көрмек. Олар: күні кеше ашылған жаңа ипподром, «Металлург» стадионы, №12 мен №20-шы спорт мектептері және «SPORT LIFE» футбол орталығы. Оған қосымша осы жылы 6 спорт нысанының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр: Тұран шағын ауданындағы «Теннис орталығы», қалалық №15 спорт мектебі, жаңа ипподромның қосымша атқоралары, Тассай және Нұршуақ шағын аудандарындағы спорт нысандары, сондай-ақ Тұрандағы жеке кәсіпкер есебінен салынып жатқан спорт кешені.

Сонымен қатар, 6 спорт нысанының құрылысын жүргізу үшін техникалық экономикалық негіздеме мен жобалық сметалық құжаттамалары әзірленіп жатыр. Аталған нысандарға №1, №4, №16 спорт мектептерінің қосымша ғимараттары, Қажымұқан атындағы орталық стадионды реконструкциялау жобасы, Шымкент сити шағынауданында көпбейінді «Шымкент арена» мен Тұрандағы спорт кешендері кіреді. 

Шымкент қаласының 5 ауданын спорттық секциялармен және спорттық нысандармен қамтамасыз ету бойынша арнайы Карта әзірленген.  Соның негізінде бүгінгі таңда спорт мекемелері мен жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы аясында Абай ауданында - 46, Әл-Фарабиде - 49, Еңбекшіде - 35, Қаратауда - 59 және Тұран ауданында - 48 спорттық секция балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсетіп жатыр. Шымкент қаласында 29 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемесі және мемлекеттік жекешелік-әріптестік аясында 5 спорт нысаны бар. Жоғары спорттық жетістіктер бойынша 2023 жылдың 2 айында жеткен нәтижелер туралы айтар болсақ, қала спортшылары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып, 68 алтын, 67 күміс және 69 қола медаль жеңіп алды. Жүлделердің жалпы саны 204 медальді құрады.


Спорт инфрақұрылымын дамыту – басты міндетке айналды
Бензин мен дизель отынының қымбаттауы көп мәселенің бетін ашты – экономистер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу