Чернобыль апатына созақтықтар да қатысқан

Oinet.kz 01-08-2019 848

Screenshot_13.jpg

Биыл  адамзат тарихындағы аса ірі техногендік апат болып табылатын Чернобыль атомдық электростанциясындағы апаттың орын алғанына 30 жыл. Мыңдаған адамның өмірін қиған үлкен апатты тоқтатуға қазақстандықтар да белсене атсалысты. Бауырлас елдегі ядролық зардаптың жойылуына Созақ ауданының тұрғындары да тыс қалған жоқ. Осы атаулы күнге орай, апатты залалсыздандыруға қатысқан ауданның 7 азаматын аудан әкімі М. Исаев қабылдап, құрмет көрсетті. «Сіздер, өмірлеріңізді тәуекелге байлап, апаттың зардабын жоюға қатыстыңыздар. Сын сәтінде азаматтық танытып көрсеткен ерліктеріңізді біздер ұмытпаймыз»- деп  Алғыс хатпен марапаттап,  арнайы жасатқан төсбелгіні табыс етті. Аудан басшысының құрметіне ризашылығын білдірген Таукент кентінің тұрғыны Д. Яков: «Қиын сәтте Украина халқына көмектесу біздің азаматтық міндетіміз. Тәуелсіз елімізде ондай апаттар орын алмасын. Еліміз аман болсын»- деген тілегін білдірді. 

Ерлан Райымқұлов,

Созақ ауданы әкімінің баспасөз хатшысы, 

Мұрағаттан, 2016 Ж 

Икрамжан Хашимжанов: «Қоғам мені қазақ тілін меңгеруге, құрметтеуге үйретті»
Бақыттың үлкені - өзіңді өзің тану
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу