«Тойанаңызға» салық салынуы мүмкін

Oinet.kz 09-08-2019 1830

Screenshot_12.jpg

Оңтүстікте тойға әкелінген сыйлықты «тойана» деп атайды. Ендігі жерде той – қазақтың қазынасы деп есептейтін қазекем  тойға түскен сыйлықтарды тіркеп, түбіртегін жинап жүретін болады. Өйткені, елімізде жеке тұлғалар үшін табыс пен мүлікті жалпыға ортақ декларациялаудың енгізілуімен 2020 жылдан бастап барша қазақстандық құны 3,6 млн теңгеден асатын сыйлықтардың қайдан келгенін заңды тәртіпте түсіндіруі тиіс.

“Сыйлықтың қайдан келгенін құжат түрінде рәсімдеген жөн. Біз ірі табыстың келген көзін дәлелдеу керек екенін ұғынуымыз қажет. Егер маған үйлену тойыма құны 3,9 млн теңгеден асатын автокөлік сыйласа, мен оны декларациялауым керек. Бағалы сыйды кім тарту еткенін заңды түрде тіркеуім қажет. Сомасы 160 ТЕА (3,65 миллион теңге) асатын барлық кіріс декларацияланғаны жөн. Егер маған 100 адам қосылып 4 млн сыйласа, ертең мен декларация ұсынғанда мұндай қомақты ақшаны кім сыйлағанын айта алмай, дәлелдей алмасам, бұл онда ақша жылыстату болады. Бұған жол бермес үшін бәрі ашық болғаны абзал”, – деп мәлім етті Мемлекеттік кірістер комитеті методология басқармасының басшысы Дмитрий Шинкаренко.

Басқарма басшысының айтуынша, егер сіз жасаған тойға 4 млн теңге «тойана» түсіп, ол ақшаға көзге көрінетін дүние сатып алсаңыз, оның сұрауы болатынын ұмытпаңыз. «Яғни, менде ешқандай табыс жоқ, алайда мен 4 млн теңгеге ресми түрде бір нәрсе сатып алдым. Бұл ақшаның қайдан келгеніне қатысты сұрақтар туындайтыны хақ. Сол кезде мен оның сыйлық екенін, ақшаның заңды айналымда екенін, ешкімнен жымқырмағанымды дәлелдеуге тиіспін. Сондықтан да кез келген жеке тұлға өзінің заңды әрекетін тіркеп жүргені дұрыс”, – дейді Д.Шинкаренко. Егер табысыңыздың қайдан келгенін дәлелдей алмасаңыз, онда сыйлығыңызға салық салынады. Қазақстанның қисапсыз қазба байлығы «ұстағанның қоланда, тістегеннің аузында» кетуін ұтымды ұйымдастыры білген биліктегілерге енді халықтың қалтасына түсуден, тойанасына көз алартудан басқа амал қалмағаны өте-ее өкінішті-ақ.

Мұрағаттан, 2016 ж

Уәли Қыдыр: «Ұлым да журналистиканы таңдады»
Иса Омар: «Замананы» оқып өскен тұтас ұрпақ бар»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу