Иса Омар: «Замананы» оқып өскен тұтас ұрпақ бар»

Oinet.kz 09-07-2019 1289

Screenshot_8.jpg

Иса Омар, «Замана» Баспа үйінің бас директоры, журналист-жазушы

Қазақ журналистикасы осыдан 20-25 жыл бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда өзгерiп кеткенiн ескерсек, ол өзгерiстердiң басы-қасында өзiмiздiң де жүргенiмiздi айтсақ жарасады. Ең алдымен, егемен елдiң ақпарат кеңiстiгiне тәуелсiз, бейресми қазақ журналистикасын әкелген азаматтардың iшiнде бiз де бармыз деп есептеймiз. Тiптi ол жаңалықтың бастауында тұрғанымызды мақтан тұтамыз. 

Екiншiден, газетте көкейтестi мәселелердi қысқа да нұсқа жазу, боссөздiлiктен арылуда сәттi iзденiстер жасай бiлдiк деп ойлаймыз. Бұл – көпшiлiктiң пiкiрi. 

Үшiншiден, бүкiл әлемде баяғыдан берi бар сенсациялық тақырыптарды қазақтiлдi газетке батыл түрде енгiзушiлердiң алғашқы қатарында бiздiң басылымдарымыз тұрғанын да оқырман қауым біледі деп ойлаймыз. Қысқасы, тiзе берсек, қойылып отырған сұрақ төңiрегiнде көп нәрсе айтуға болады. 

Иә, қиындықтар да көп болғанын жасырмаймыз. Ең бастысы, бiз өзiн-өзi қаржыландыра алатын, ешкiмге алақан жаймайтын, тек оқырман мүддесiне қызмет ететiн, қазақша, тәуелсiз, еркiн газет шығаруға болатынын теория жүзiнде емес, iс жүзiнде дәлелдей алған елiмiздегi алғашқы қарлығаштар қатарында болсақ керек. 

Бiздiң Баспа үйiнен шығатын басты газетiмiз «Замана» деп аталады. Мақсат – халыққа, оқырман қауымға заман үнiн дер кезiнде жеткiзiп отыру. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан берi санасақ, «Замананы» оқи отырып ержеткен тұтас бiр ұрпақ бар. «Замананың» жанынан «Қызық газет», «Ауырмаңыз!», «Тылсым дүние», «Керек кеңестер», «Абысын» атты бiрнеше қосымша басылымдар жарық көредi. Бұл идеялардың бәрiнiң де авторы кiм екенiн көпшiлiк бiледi деп ойлаймын. 

Әрине, уақыт бiр орнында тұрмайды. Жаңалық атаулы өмiрiмiзге өте тез енiп жатыр. Алдағы бес жылда қазiргi ақпарат құралдарының бет-бейнесi мүлде басқашалау боларына еш күмәнданбаймын. Ол кезге дейiн көптеген қызықты, тосын жаңалықтар болып жатары сөзсiз. Соның тек бiреуiне ғана тоқталып өтейiн. Келешекте әлеуметтiк желiлер мен ақпарат құралдары бiр-бiрiмен iшек-қарны араласып кеткен өзгеше дүниеге айналады. Бұл сала бұрынғыдан да қызықтырақ бола түседi. Мен болашақтағы журналистиканың, яғни халыққа ақпарат жеткiзу саласының қандай болатынын қазiр-ақ бiршама елестетiп отырмын. Ендiгi жерде бiз соған дайын болып баруымыз керек. Ең бастысы, сұранысқа ие бола бiлуге тиiспiз. Амандық болса, тыныштық болып тұрса, келешекте де көпшiлiктiң мүддесi жолындағы қызметте көш басынан табыларымызға сенiммен қарап отырмыз. Бәрiмiздi де сол күнге аман-есен жеткiзгей деп тiлейiк. 

Мұрағаттан, 2016 ж

«Тойанаңызға» салық салынуы мүмкін
Баян Мақсатқызы: «Егер мен оңтүстікке келін болсам, ол жақта төңкеріс жасар ма едім!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу