«Қазақстан балаларына» беделді қоғам қайраткерлерін тарту керек

Oinet.kz 25-04-2025 97

Президент Тоқаев IV Ұлттық құрылтайда тәрбие мәселесіне қатты алаңдаушылығын білдіре отырып, балалардың болашағына қатысты нақты қадамдар мен шешімдерді қамтитын ауқымды бағдарламаны қабылдау қажеттігін жеткізді. 

Screenshot_2.jpg

Қоғамның бұл ұсынысты аса үлкен ыждахаттылықпен қабылдағаны көрініп тұр.

Мемлекет басшысының бастамасымен «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасын әзірлеу бойынша ауқымды жұмыс басталып кетті. Осы орайда таяуда «AMANAT» партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Республикалық кеңес алаңында «Қазақстан балалары» Ұлттық бағдарламасын әзірлеуге арналған алғашқы кең ауқымдағы жиын өтті. Елорданың өзінде офлайн режимде 100-ден астам адам, сондай-ақ бейнебайланыс режимінде 500-ге жуық азамат қатысқан басқосудың форматы ерекше болғанын атап өткім келеді.

Әуелі қатысушылар денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау, білім беру, инклюзия және спорт, зорлық-зомбылық, суицид және балалар қауіпсіздігі мәселелері бойынша үш топқа бөлінді. Бұл тақырыптардың қай-қайсысы болсын қоғамды толғандырып отырған өзекті проблемалардың санатына жатады. Құзырлы мемлекеттік орган өкілдері, кеңес мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен сарапшылар жан-жақты да терең талқылаулар барысында пікірталас өрбітіп, жиынның пленарлық бөлігінде нақты ұсыныстар айтылды. Жиын барысында еліміздегі Бала құқығы жөніндегі уәкіл, «AMANAT» партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғкау мәселелері жөніндегі республикалық кеңес жетекшісі Динара Зәкиева, Парламент Мәжілісінің депутаттары Айна Мысырәлімова мен Үнзила Шапақ өз сөздерінде қабылданғалы жатқан бағдарламаның мән-маңызына тоқталды. Бұл құжатты болашақта министрлер мен әкімдерлер, полиция қызметкерлері мен мұғалімдер, жалпы тәрбие мәселесіне қатысы барлар ортақ бағдар ретінде қолданатын болады. 

Жиын барысында партия жанындағы бірқатар аймақтық кеңес төрағаларына сөз берілді. Осы кеңестің "Amanat" партиясы жанындағы Түркістан облысы бойынша төрағасы ретінде өз сөзімде балаларға зорлық-зомбылық тақырыбын қозғап, алаңдатарлық статистикаға аз-кем тоқталып өттім. Ресми дерекке жүгінсек, оқушылардың үштен екісіне жуығы үйде, мектепте немесе балабақшада қандай да бір зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Сол себепті осы бағыттағы профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігіне мән бердім. Бұл іске беделді қоғам қайраткерлерін кеңірек тарту керектігін айттым. 

«Қазақстан балалары» бағдарламасын әзірлеуге осылайша бүкіл қоғам болып атсалысудың маңызы орасан. Бұл құжат болашақ ұрпақты тәрбиелеу, балалардың құқықтарын қорғау ісінде шешуші роль атқаратын бастамаға айналмақ. Жобаға қатысты ұсыныстар мамырдың соңына дейін қабылданып, жылдың соңына дейін бағдарлама әзірленеді деп күтілуде.

Ғалымжан Елшібай, 

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, 

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңестің төрағасы.

В городе Шымкент проведена информационно-разъяснительная работа в сфере религии
Ғасыр белесін бағындырған батыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу