Жамбылда марқұм әкесінің бауырынан жүкті болған 13 жасар қыз босанды

Oinet.kz 05-06-2025 711

Ақпанда Жамбыл облысында марқұм әкесінің бауырларынан жүкті болып, бала босанған 13 жасар қызға қатысты белгілі құқық қорғаушы Ләззат Рақышева мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_2.jpg

Жас қыздың жантүршігерлік жағдайын бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева хабарлады. Ағаларынан зәбір көрген қыз жергілікті психологқа «өмір сүргім келмейді» деп бірнеше рет хат жазған. Алайда, психолог бұл хатқа аса мән бермеген. Ал анасы қызының қорлық көріп жүргенін тіпті байқамапты.

«Жамбыл облысында 13 жастағы қызды қайтыс болған әкесінің туған екі бауыры алты жыл бойы зорлап келген. Менің әріптестерім ол жерге барған. Өкінішке қарай, қыздың жүкті екені анықталып, ол босанды», - деді Зәкиева. 

3 маусым күні заңгер Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасына жазба жариялап, іссапармен Жамбыл облысын барып, зәбір көрген жас анамен жолыққанын айтты. 

«Сапарымызда осы кішкентай қызымызбен жолықтық. Тағдыры өте қиын. Әкесі қайтыс болғаннан кейін, 1-сыныптан бастап ағалары зорлай бастаған екен. Біздің @onestopservice_1qadam орталықтың адвокаттары оның құқығын қорғайды», - деп жазды ол. 

«Бізге үй берсе уды да ішуге дайынбыз«: Кәсіпкер үй үшін жаппай сусын жарнамалаған халықты сынады
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу