«Бомба бар». Әуежайда «Қайраттың» дәрігері «ұсталды»

Oinet.kz 02-03-2026

Астана әуежайында  «Қайрат» футбол клубының дәрігері  әзілдеймін деп рейстен қалды, деп хабарлайды Оinet.kz.

image.png

Оқиға 28 ақпанда Қазақстан Суперкубогы үшін өткен матчтан кейін болған. Аталған кездесуде алматылық «Қайрат» қостанайлық «Тобылдан» жеңілген еді.

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сәйкес, Астана – Алматы бағыты бойынша рейске тіркелу кезінде жолаушы тексеру барысында тыйым салынған заттар туралы әдеттегі сұраққа:

- «Бомба» алып бара жатырмын,-  деп жауап қатқан.

Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері  дәрігердің дереу қол жүгін және жеке заттарын тексерген. Алайда ешқандай қауіпті зат табылмаған.

Аталған факті бойынша ұсақ бұзақылық бабы негізінде әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жолданып, процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Өзбекстанда электронды темекіге толық тыйым салынды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу