Бақыт Әліпбаева: «Трагедиялық рөл берсе, қуана-қуана ойнар едім»

Oinet.kz 14-04-2014 1181

d2e04195bd36739440e8b5af614be92a.jpg

– Сізді  жұрт ең алғаш «Бауыржан шоудан» таныды. Осы театрмен қазіргі қарым-қатынасыңыз қалай?

–  Алғашқы  мектеп әрқашан ыстық қой. Онда өткен әр уақыт, әр сәт күн өткен сайын қымбаттай береді екен. Жаңа жылдың басында театр жиырма  жылдық концертін Астанада өтікізді. Улардай шулап, ұшып қонып бардық.  Бір-бірімізді, сахнаны әбден сағынып қалыппыз. Мәре-сәре болып, өткен-кеткенді еске алдық. Шынымды айтсам, қойылымды рахаттанып ойнадым. Біраз жылдан бері тасада қалған әртістердің бір сахнада бас қосқанын көрген көрермен де қошеметтерін аямады

– «Бауыржан шоуды» одан әрі дамыту ойларыңыз да жоқ па?

– Оны бір Алла біледі. Мұны тіпті Бауыржан Ибрагимовтың өзі кесіп айта алмайды. Арада қаншама уақыт өтті, әркім әр жаққа бөлініп кетті ғой. 

– Сіздер де «жеке отау» тігіп едіңіздер, қарқындарыңыз тез басылып қалғандай ғой. 

– Театр ашу оңай емес екен. «Бауыржан шоуда» біраз тер төккен соң Қуандық Шәкіржан екеуміз «тәуекел түбі–жел қайық» кірісіп кеткенбіз. Екеуміз сахнада бұрыннан әйел мен күйеу  болып жүргендіктен шығар,  екеуміздің үйлесімділігіміз басым. Былтыр 8 наурызда Алматыда алғашқы кешімізді халыққа ұсындық. Кейіннен «Ду-думан» жобасынан көріндік. Содан кейін қарқынымыз басылып қалды. Оның басты себебі қаржылық жағдай. Демеушіміз жоқ. Бірақ, қол қусырып отырған біз жоқ. Кезекті кешімізге дайындық үстіндеміз. Базарлығымызды жақында Шымкент қаласына алып бармақпыз.  

– Сахнада, кинода болсын, сіз үнемі әзілқой  рөльдерді ойнайсыз. Өзгергіңіз келмей ме?

– Шынымды айтсам, мен соған қол жеткізе алмай жүрмін. Халық  осы уақытқа дейін мені бір ғана қырымнан көріп келді.  Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясын бітіріп, Бауыржан ағаның театрына барғаннан, түскен киноларыма дейін маған коммедиялық рөл ажырамай, жабысып алды.  Бірде-бір режиссер әлі күнге дейін салмақты, тарихи, традегиялық фильмдерге шақырмады. Егер осындай ұсыныс түссе, ойланбастан қуана-қуана қабыл алар едім. Мұндай  сынақтан сүрінбесіме  жүз пайыз сенімдімін.

– Осы «әйел бақыты» деген ұғымды актрисалар қалай түсінеді?

–  Сұрағыңның астарын түсіндім. Әйелдің бар бақыты– отбасы, бала-шағасы ғой. Ал, қызметің актриса болса, таразының екі басын тең ұстау қиын. Бұл әркімнің жеке шешіміне байланысты. Біреулер өнерді таңдап, өмірін баласыз өткізіп алады. Тағдыр дейміз бе?  Бірақ, менің ойымша, сахнаға шыққанда қошеметпен қабылдайтын көрерменің, үйіңде шаттыққа толы бала-шағаң болса, нағыз бақыт осы емес пе! Айналып келгенде әйелдер үшін жұмыс, мамандық, карьера деген уақытша нәрсе. Әйелдің жанында қалатын жалғыз байлығы–отбасы.  Сондықтан актриса «әйел бақытын» мамандықтан, өнерден емес отбасынан іздеуі керек. 

– Сахна, кинодағы Бақыт пен үйдегі Бақыттың айырмасы қандай? 

– Сахнада нағыз актрисамын. Үйдеге асыл жар, аяулы анамын. Бірақ, екі жерде де Бақытпын.

Перизат Жапарова: «Адамдардың көңіліне қарамаймын»
Қадырғали Көбентай: «Ұрлық жасап, оңбай таяқ жедім»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу