Асқар Мырзахметов қайтып оралды

Oinet.kz 03-09-2020 5973

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының бұрынғы әкімі, бұрынғы министр Асқар Мырзахметов араға алты ай салып әлеуметтік желіге қайта оралды. 

image.png

Жалпы Асқар Мырзахметов фейсбуктегі парақшасына өзінің ой-пікірлерін, жаңалықтарын жиі болмаса да жариялап тұратын азамат. Оның биыл ақпанда Қордайда болған ұлтаралық жанжалдан кейін өз еркімен Жамбыл облысының әкімі қызметінен кеткені белгілі. А.Мырзахметовтың әлеуметтік желідегі соңғы жазбаларының бірі 13 ақпанда жарияланған. Онда ол өзіне қолдау білдірген жамбылдықтарға үлкен алғыс білдірген еді. Экс-әкім ең соңғы жазбасын 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне арнаған екен. 

Осыдан кейінгі алты айлық үнсіздіктен кейін А.Мырзахметов 1 қыркүйекте президенттің халыққа арнаған кезекті Жолдауына қатысты пікірін жариялады. 

- Бүгінгі Жолдау стратегиялық тұрғыдан да, нақтылығымен де сипатталып отыр. Соның ішінде Қазақстан үшін саяси, экономикалық, әлеуметтік маңызды, көптен бері өз қолдауын тиісті денгейде таба алмай келе жатқан мәселеге үлкен мән берілді. Ол - жеке қосалқы шаруашылықтар (ЖҚШ). Өкінішке орай "қосалқы" дегеннен кейін бізде әлі жүйелі, бағытталған мемсаясаттың қалыптаспай келе жатқандығы. Жолдауда "жеке шаруашылық миллиондаған(!!!) ауыл тұрғындарына табыс табуға мүмкіндік бере алады... Басы бірікпеген ЖҚШ ,шын мәнінде, өлместің күнін көріп отыр" деген баға айтылды. Ендігі жерде арнайы,нақты іс-шара қабылданса, ел үшін өте үлкен мәселе шешілмек. Бұл мәселенің қыр-сырын, тиімділігін кезінде Жамбыл облысында басталған пилоттық жобадан байқауға болады. Іске сәттілік тілейік! - деп жазған Асқар Исабекұлы. 

Постқа өте көп оқырман пікір жазған. Олардың барлығы да экс-әкімге сәттілік тілеп, оның үлкен қызметтен көрінуіне тілектес екендіктерін білдірген.

Акбар Гошалы: Түркістанның тарихын әдебиетімізге енгізу біздің борышымыз деп есептеймін
Депутаттар династиясы: Түркістанда дәулеттілер праймеризге әулетімен қатысып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу