Мұнай арзандағанымен, бензин арзандамайды. Мұның сыры неде, Ноғаев мырза?

Oinet.kz 10-09-2020 781

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша отын-энергетика саласындағы қазіргі жағдай туралы баяндады деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Министрдің мәлімдеуінше,  мұнай өнімдерін өндірудің қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша 7,4 млн. тоннаны құрады, соның ішінде: автобензин өндіру — 2,87 млн тоннаны, дизель отынын өндіру — 3 млн тоннаны, авиаотын өндіру — 277 мың тоннаны, мазут өндіру — 1,3 млн. тоннаны құраған. 2020 жылға арналған мұнай өнімдерін өндіру жоспары — 11,6 млн тонна.

 «Бүгінгі таңда ішкі нарық өзімізде өндірілген мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілген», — деді Н. Ноғаев.

Яғни, министрдің айтқанынан түсінегеніміз, Қазақстан қазір жанар май өнімдерімен өзін-өзі 100 пайыз қамтамасыз етеді. Алайда бұдан жақсарып жатқан ештеңе жоқ. Байқасаңыздар пандемия басталғалы мұнайдың бағасы құбылып тұр. Бүгінгі мәлімет бойынша Brent маркалы бір барелль мұнайдың құны 40 долларды құрап отыр. Жыл басында 56 доллар болған мұнай наурыз, сәуір айларында 25 долларға дейін құлдырады.   Алайда Қазақстанның ішкі нарығында бензин бағасы өзгерген жоқ. 

Бұл таза бәсекелестікке негізделген нарық заңына қайшы келеді. Экономиканың тәртібі бойынша зауыттардың өңдейтін шикізатына белгіленген баға арзандаған кезде, ол шығарылған тауардың өзіндік құнына да әсер етеуі тиіс.  Алайда отандық мұнай зауыттары, жағар май сатудың төңірегіндегі саудагерлер түк болмағандай жұмыстарын істеп жатыр. 

Ал, Үкімет те, Ноғаев та үндемейді?

Антикор Келестің әкімінің отставкісіне қатысты түсініктеме берді
Ең көп депутат Түркістан облыстық мәслихатында болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу