Білім беру нысандарына қойылатын талаптар

Oinet.kz 10-11-2020 771

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментімен мектептерге санитарлық-эпидемияға қарсы талаптарды сақтау бойынша коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға бағытталған тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі. 

image.png

Оқу жылының бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қаланың барлық мектептері мониторингпен қамтылды. Мониторинг барысында мектептерде келесі бұзушылықтар анықталды- таңертеңгі сүзгі өткізілмеген, пайдаланылған бетперделерге арналған таңбаланған ыдыстар жоқ, сыныптарда және санитариялық тораптарда сұйық сабын және антисептиктер болмаған.  Мониторингтік топтардың мамандарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді және анықталған бұзушылықтар бірден жойылды. Мониторинг барысында анықталған бұзушылықтарды болдырмау мақсатында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы мен барлық мектеп директорларының қатысуымен ZOOM бағдарламасы бойынша кеңес өткізілді.

Сондай-ақ, 2020 жылдың қазан айында ерекше тәртіп бойынша 13 мектептің «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № ҚР ДСМ-98/2020 бұйрығының санитарлық ережелерге сәйкестігі тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған санитарлық ережелерді бұзғаны үшін, оның ішінде карантиндік іс-шараларды бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларға жалпы сомасы 3597510 теңгеге 13 әкімшілік айыппұл салынды. Жалпы білім беру объектілері күшейтілген санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда тұр.

Шымкент қаласының 

СЭБД бөлім басшысы  Аханова Р.

Шымкентцы могут узнать о санитарно-эпидемиологической ситуации в Instagram
Ролан Ибрагимов Қожанасыр ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу