Кәрім Мәсімов көлеңкеде жүр

Oinet.kz 06-05-2021 2157

OINET.KZ - «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы әдеттегіше Қазақстандағы саясаткерлер мен басқарушылардың тоқсандық рейтингісін жария етті. 2021 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысында біраз өзгерістер бар. 

49c087afac28847a0fd8aa087fad7df5.jpg

Сарапшылардың берген бағасы бойынша бұл жолы үздік ондыққа «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, президенттің көмекшісі Ерлан Қарин енді. Сайлаудан кейін  Бауыржан Байбек ешқандай қызмиетке барған жоқ. Алайда оның танымалдылығы,  беделі айтарлықтай өсті.  Ал, Ерлан Қарин соңғы кездері президенттің берген тапсырмалары бойынша жақсы жұмыстарды атқарып жүрген көрінеді. Ал керісінше, алғашқы ондықтан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев шығып қалған. Сарапшылардың айтуынша, Исекешевтің қаупсіздік саласына не еңбек сіңіріп жүргені мүлдем белгісіз. Сонымен бірге Президент әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов та үздік ондықтан ұшып кетті. Рейтингті жасаушылар Қошановқа Үкімет пен облыс әкімдеріне мейілінше  қатаңырақ болуды ұсыныпты. 

Рейтингті әдеттегіше президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастап отыр. Екінші орында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев үшінші орынннан көрінеді.   Былтыр төртінші тоқсандағы рейтингте Нығматулин үшінші, ал Әшімбаев бесінші орын алған еді. Үш ай ішінде Парламент палаталарының жетекшілерінің рейтингісі әжептәуір өскен. Бұл немен байланысты? Нығматулин осы аралықта Мәжіліс төрағалығына екінші қайтара сайланды. Бұл жалпы билік элитасында Нығматулиннің абырой беделінің, салмағының өте жоғары екендігін көрсетті. Қалай десек те, президенттен кейін  екінші болу екінің бірінің қолына келе бермейтінін мойындау керек. Ал Әшімбаевтың өткен үш ай ішінде рейтингісі өсетіндей не тындырғанын өз басымыз біле алмадық. Сәуірде Әшімбаев коронавируспен ауырды. Сенат жерге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды. Бұл екі жаңалық Әшімбаевтың екінші тоқсандағы рейтингісіне қалай әсер етер екен? 

Рейтинтегі ең үлкен өзгеріс Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты. Бұған дейінгі рейтингтерде үнемі Тоқаевтан кейінгі екінші орында тұратын Мәсімов бұл жолы бірден төртінші орынға төмендеген. Неге? Мәсімов рейтингтегі төрт көрсеткіштің үшеуі бойынша (беделі, тиімділігі, келешегі) жоғары балл алғанымен, ақпараттық ашықтық көрсеткіші  бойынша өте төмен бағаланған. Бұл Мәсімов көпшілік үшін ашық тұлға емес деген сөз. Бұл пікірмен келісуге болады. Премьер-министр қызметін екі мәрте атқарған, Президент әкімшілігіне жеткшілік жасаған Мәсімовтің Ұлттық қауіпсіздік комитетіне барысымен көлеңкеге кеткені байқалады. Соңғы рет ол туралы 10 қаңтарда Нұр Сұлтандағы сайлау учаскелерінің бірінде дауыс беріп жүргені туралы ақпарат жарияланған. Мәсімов премьер кезінде атқарып жатқан жұмыстарын твиттерде жазып тұрушы еді. Ол бұл жақсы дәстүрінен жаңылып қалды.  

Биыл Мәсімовтің Ұлттық қауіпсізідк комитетінің төрағасы болғанына бес жыл толады. 2019 жылдың жазында Тоқаев оны төрағалыққа қайта тағайындады. Көзге онша көп түсе бермейтініне қарағанда, Мәсмовтың жуық арада қызмет ауыстыратын ойы жоқ сияқты.  

Владимир Ким жерлестерін алдап кетті ме?
«Шөкеев Алматыға ауысса...» Түркістанға кім әкім болуы мүмкін?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу