Арал теңізін құтқару қолдан келетін дүниеге ұқсамайды

Oinet.kz 04-12-2017 822

Screenshot_3.jpg

Аралды құтқару әзірге адамзаттың қолынан келетін дүниеге ұқсамайды. Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінде Орталық Азияның су проблемаларына арналған дөңгелек үстел басына жиналған ғалымдар осылай дейді.

Жалпы, Арал теңізіне құятын Сырдария мен Әмудария өзендері Орталық Азия елдері мен Ауғанстан арқылы ағып өтеді. Аралдың тартылуы  туралы ғалымдар арасында екі түрлі болжам айтылады. Бірі «Арал теңізі адам қолымен жасалған экологиялық апаттан құрғады» десе, екінші топ теңіздің тартылуы қайталанып отыратын құбылыс деген пікірде. 

- Теңізді бұрынғы қалпына келтіру адам қолынан келетін дүниеге ұқсамайды. Тіпті барлық күш-жігерді салып, Сырдария мен Әмударияның деңгейін 60-жылдардағыдай көрсеткішке жеткізсек те, теңізді толтыру процесі ондаған жылға созылады. Ал нәтижесі жаңа су қоймасын құрумен тең болар еді. Сол себепті Арал теңізін қолжетімді және қолайлы жағдайда құтқаруды ойластыру керек», - дейді РҒА океанология институты директорының орынбасары Петр Завьялов.

Айта кетері, Аралдың мәселесі биыл наурызда Қазақстан президенті Н.Назарбаев пен Өзбекстан президенті Ш.Мирзияевтың кездесуінде талқыланған болатын. 

Нұркен Бегулиев: «Кәсіпкерлер индустриалды аймақтар бар-жоғын да білмейді»
Каспий теңізі – мүдделер шайқасы алаңына айналып барады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу