Ордабасылық оқушы Ресей Президентінен көмек күтіп жүр

Oinet.kz 25-05-2009 816

Screenshot_1.jpg

Ордабасы аудынында тұратын мектеп оқушысы Ресей президенті Дмитрий Медведевке ашық хат жолдап, көмек сұрауына не түрткі болды деймісіз. Елімізге қоныс аударғанына жеті жылдың жүзі болған Александра Тришинаға  осы уақытқа дейін азаматтық алу қиынға соққан. Екі жылдан бері көмек сұрағанымен шымкенттік шенеуніктер Сашаның тағдырына селт етпепті. 

2002 жылы ойда-жоқта оның отбасы Орынбор қаласы Казанка ауылынан  анасының туған жері Қазақстанға қоныс аударуды ұйғарады. Отбасы жиған-тергенін сатып, түйіншектерін арқалап Оңтүстік Қазақстан облысы Темірлан ауылына табан тірейді. Араға бір жыл салып кепе үй сатып алуға ғана жағдайлары жеткен. «Біз нашар тұрдық. Әкем ішіп кетті. Бүкіл отбасымызбен балық аулауға баратын едік. Құр балық жейтінбіз. Кейде тіпті нанға ақша таппайтын едік» деп еске алады, Саша. Осы арада әкесі жұмыс іздеп, Ресейге қайта оралып сол жақта көз жұмған.  Аш қалмау үшін Саша жанына әпкесі мен інісін ертіп көрші-қолаңның үйін жөндеумен айналысады. 14 жасар қыз бір бөлмені әктеп алған 500 теңге табысын біраз күн тамаққа жеткізетін болған. Мектептен кейін ауылдағы дәмханға барып, ыдыс жуыпты.Анда-санда анасы да жөндеу жұмыстарына көмек беретін. Бірақ көбіне ішетін болды. Сол үшін үйде күнде ұрыс-керіс болып, отбасының берекесі кетеді. Осындай күнделікті мазаны қашырған айқай-шудан шаршаған қыз қыстың көзі қырауда қолына кітаптарын алып, құрбысының үйіне келеді. Көз жасын тия алмай тұрған қызының сыныптасын көрген Камила Арқабай, оны бауырына басады.

Саша озат оқушы. Физика мен матемтика пәндерін сүйіп оқиды. Қазақшасы судай Сашаның арманы - оқуды бітіріп, жоғары білім алу. Ұлттық бірыңғай тестіден алдын ала емтихан тапсырған озат оқушы жоғары балл жинайды. 

Саша білім алып жатқан мектеп басшылығы осы оқу жылының басында оқушының құжаттарына көңіл аудара бастайды. Оның Ресей елінен берілген туу туралы куәлікпен білім алып жатқаны жайлы ешкім бас қатырмаса керек. 

Енді емтиханға дайындалудың орнына Саша өкіл анасы Камиламен бірге құжат алу үшін шенеуніктердің есігін қағумен жүр. Облыстық көші-қон басқармасы Александраға Қазақстанның азаматтығын алардан бұрын,қолында Ресей төлқұжаты болу керектігін айтыпты.  Содан кейін ол шетел азаматы ретінде Темірлан ауылына тіркеуге тұруы тиіс. Сосын барып Қазақстанның азаматтығын алу жөнінде арыз жазады. Басқарманың инспекторы Марина Горбатенконың айтуынша  сол кезде ғана оған төлқұжат беру мәселесі екі апта ішінде шешілмек. 

аша үшін Ресейдің Қазақстандағы елшілігіне барып, мәселесін шешу үшін уақыт тапшы. Оның үстіне қолында қаражаты да жоқ. Оның үстіне құжат дайындау жағы да біраз уақытты алары сөзсіз. «Біз шенеуніктердің есігін қағып, құжат дайындауды жарты жыл бұрын бастадық. Жөн сілтегені болмады. Солардың кесірінен балам меммлекеттік емтиханға кіре алмауы мүмкін. Бұл үшін кім жауап беруі керек?!.»деп ашынады Сашаның өкіл анасы Камила. 

Саша көмек сұрап Ресей президенті Дмитрий Медведевпен қатар  еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа, ішкі істер министрі Серік Баймағанбетовке және сыртқы істер министрі Марат Тәжинге хат жолдады. 17 жастағы Александра жергілікті шенеуніктерге қарағанда жоғары дәрежелі лауазым иелерінің жәрдемі тиерінен үміттенеді.

Төраға мықты ма, жоқ, Бөрі-аға мықты ма?
Арыстағы жарылыс: Ақиқат қашан айтылады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу