Баланың тез өсіп-жетілуіне әсер ететін факторлар

Oinet.kz 01-09-2020 643

image.png

Кітап баланың жетілуінде аса маңызды рөл атқарады. Тақпақ-ертегі тыңдаған бала жаңа сөздермен танысып, оларды есте сақтайды, кітаптың мазмұны мен суреттері оның ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау және зейінділік қасиеттерін дамытады.

Ең бастысы, кітап танымдылық деп аталатын аса маңызды қасиеттіің іргетасын қалайды. Сондықтан баланың кітап оқуға деген қызығушылығын нәресте кезден бастап ояту қажет.

Есіңізде болсын, сәбидің кітапқа деген қызығушылығын бейнелі суреттер арқылы оятудан бастауға болады.

Дүние есігін енді ашқан нәресте үшін кітап, ең әуелі, түрлі-түсті суреттерімен қызық, өйткені бастапқы жылдары ол өзін қоршаған орта туралы негізгі ақпаратты көру түйсігі арқылы алады.

Көзбен қабылдау қабілетін жаттықтыру баланы кітаппен алғашқы кезесуге тамаша дайындайды.

Нәресте алғашқы күндерден бастап-ақ көлемді заттар мен жазықтық бейнелерді, яғни, суреттерді қабылдау әдісін меңгереді. Оның ең алдымен көз тоқтатып, зейінмен қарайтын бірінші нәрсесі – адамның келбеті немесе оның қағаз бетіне түсірілген бейнесі.

Ғалымдар мынадай тәжірибе жасап көрген: жаңадан туған нәрестелерге адамның бет пішіні салынған үш суретті көрсеткен. Суреттердің үшеуі де қара бояумен салынған.

Бірінші суретте көз, мұрын, ауыз тиісті орындарында салынса, екінші суретте – мұрын ауыздың, көз мұрынның орнында дегендей, өз орындарын ауыстырған, ал үшінші суретте беттің жоғарғы бөлігі қарамен боялып тасталған.

Туғанына төрт күн болған нәрестелер бет пішіні дұрыс салынған бірінші суретке жиірік көз тоқтатқан.

Бұл тәжірибе іс жүзінде қолданыс тапты: физиологтар әке-шешесі жақын маңда жоқ кезде, олардың бірінің бет пішінінің суретін баланың төсегінің үстіне іліп қоюды ұсынады.

Сонымен, көзбен қабылдау түйсігін жетілдіру мақсатында алғашқы құрал ретінде адамның бет пішінінің ақ-қара бояумен салынған бейнесін қолданған дұрыс (түрлі-түсті суреттерді бала тек 3-4 айға қарай ғана қабылдай алатындықтан, оларды пайдаланбаған жөн).

Бейнені нәрестенің көзінен 25 сантиметр қашықтықта іліп қойыңыз.

Адам туралы қызықты деректер
Марк Цукербергтен 10 кеңес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу