"МАЙМЫЛ НЕДЕН ПАЙДА БОЛҒАН?

Oinet.kz 05-09-2020 827

Screenshot_5.jpg

"МАЙМЫЛ НЕДЕН ПАЙДА БОЛҒАН?: деген сұрақтан туған естелік.

Сонау 60 -шы жылдар. Мектепте оқушымыз. Атейсттік саясатты қарқынды жүргізілетін кезі. Əсіресе тарих пəні сабағында бұл əңгіме жиі айтылады. Марқұм тарихшы ағайымыз күнделікті сабақтың кезекті қайырмасын "адам маймылдан пайда болған" дей келіп, - "Түсінбеген сұрақтарың бар ма?" деді. Қатар отырған жаңғалақтау, сыныптасыма: "Маймыл неден пайда болған, сұрашы"- деп сыбырладым. Досым, оқиғаның не боларымен шаруасы жоқ, сұрақ табылды, "Ағай, ағай маймыл неден пайда болған?-деді, ағайымыз, тосын сұраққа жауап беруге мəжбүр болып, бізге бетін бұрып; "Маймыл құрт құмырысқадан пайда болған"- деді. Досым отыра бергенде, тағыда сыбырлап: "Құрт құмырысқа неден пайда болған екен"- дедім. Күнделікті сабаққа селқос досымның , бүгін белсенді болғаны өзіне қатты ұнаған болу керек, қолын көтеріп: "Ағай, ағай құрт құмырысқа неден пайда болған?- деп желпінді. Ағайымызда сасқандығын оқушылар алдында білдірмей, бізге бір екі қадам жасып; "Құрт құмырысқа ауаның құбылысынан пайда болған"- деді. Досым желпініп, тапсырмаңды орындадым дегендей маған қараған тұста, тағыда сыбырлап: "Ауаның құбылысы неден пайда болған екен?"- дедім. Бұл жолыда табаны қызған аттай, атып тұрып; "Ағай, ағай ауаның құбылысы неден пайда болған?"- дей бергені сол еді, дəл осы сəтте қасымызға келген Тарихшы ағайымыздың да шыдамы таусылған болу керек, -"Атаңа нəлет, атаңның басынан пайда болған"-деп, перді кеті, перді кетті. Досым, екі қолымен басын қорғап; "Ағай енді сұрамайын, ағай енді сұрамаймын" деп жалынды. Ағайымыздың ашуын, кенеттен соғылған қоңырау үні сабасына түсіріп, үзіліске шықтық.

Сол жылдарға да міне 53 жыл өтіпті. Өткен күн, балалық шақ, баянсыз саясат, бəріде өтіпті, тек оны бүгін, сағынышпен еске алу ғана қолдан келеді екен. Иманды болғыр бұл оқиғаның екі кейіпкері де бұл өмірде жоқ. Осылай маймылдың тегін анықтауымыз досымның ағайдан таяқ жеуімен аяқталғанды.

«Жалған патшалар» оқулыққа неге енгізілмеген..?
Таза қазақ қызының бейнесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу