Байдың тоқтауы. Бай туралы тәмсіл

Oinet.kz 06-09-2020 700

Бай.jpg

Ертеде малының есебі жоқ бір байдың үш қызы болыпты, ұлдан перзент бұйырмаған екен. Соған іші күйінген бай, қыздарына тигізіп айтады екен:

-Қыз - бала емес,

Ешкі - мал емес.

Есек - ат емес,

Шай - ас емес! - деп.

Байдың малы бір жұттық  дегендей, жойқын жұт болып, бар малынан айырылып, қайғырып отырады. Сонда күйеуге шыққан үш қызы, əкесін сабасына түсіріп, тəубесіне келтіруді ойлап, қонаққа шақырады. Есекке отырғызып, өз үйлеріне тұстендіріп, алдымен шай құйып, ешкі сойып, қонақасын беріп, сыйлайды. Сонда жағдайдың мəнін түсінген бай өз айтқанынан қайтып, былай деп айтқан көрінеді:

- Қыз да, бала екен - бары болса,

Есек те ат екен - жалы болса.

Ешкі де мал екен - майы болса,

Шай да ас екен - жайы болса! - деп,

құныққан бай тəубесіне келген екен.........

Кіші жүз ханы Әбілқайыр хан. Өмірбаяны, қызметі
Кактус гүлі туралы мысал. Гүл туралы эссе
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу