Айдана Қайсарбекқызы. Асыққанымды білем

Oinet.kz 10-10-2020 968

Айдана Қайсарбекқызы.jpg

Асыққанымды білем...

Табанымның тиген-тимегенін жер де сезбепті,

Мен де сезбеппін.

Ал сен білесің -

Асыққаным едің.

Қуанғанымды білем...

Көңілімдегі жарқылды күн де көрмепті,

Мен де білмеппін.

Ал сен білдің...

Асыққаным едің...

Ұмтылғанымды білем...

Белін кесіп өткенімді жол да білмепті,

Мен де көрмеппін

Ал сен сездің ғой,

Асыққаным менің!

Қонғанымды білем...

Одан кейін иығыңа күлтеленіп төгілермін деп ем,

Сабақтарым бас тартып арқаңда өрілермін деп ем,

Айналаға ақымақ боп көрінермін деп ем,

Уақыт тоқтап қалды...

Одан бері сол сәт бүкіл әлем үшін тоқтап тұр.

Қолың созсаң күйдірердей

Бар ыстығын сақтап тұр.

Ең қызығы -

Мен әлі саған қарай асығып келем,

Асыққаным менің!

Пулитцер сыйлығын жеңген суретшінің жан азабы
Бауырмал келіншек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу