Құдай мен пайғамбарларды жоққа шығару арқылы өзі пайғамбарлыққа ұмтылған Ленин

Oinet.kz 01-01-2021 3177

Бала кезімде Ленин туралы әңгіме бола қалса, «Атеист болғаны үшін Ленинді жер қабылдамай қойыпты. Денесін жер қойнына берсе де, жер бірнеше рет сыртқа шығарып тастапты. Сол үшін оның мүрдесін қатырып қойған» деген аңызды жиі еститінмін. Және соған имандай сенетінмін де. Құдайды жоққа шығарған, талай жанның ажалына себепші болған адамның ақыры солай болуы керек сияқты көрінетін. Ал ақиқаттың қалай орын алғанын арада жылдар өткенде, кейін ғана білдім...

Ленин біздің атамыз.jpg

Ленин – адамзатқа үлкен қайғы-қасірет әкелген идеологияның басында тұрса да әлем тарихын өзге арнаға бұрған адам. Оның сұмдық ерік-жігері мен күш-қайратына тәнті болмаған, қайран қалмаған адам кемде-кем.

Ленин Құдайды, пайғамбарларды жоққа шығару арқылы өзі де пайғамбарлыққа ұмтылды. Батыс ойшылдары арасында оның саясатын құптамаса да, елші дәрежесіне көтергендер жетерлік. Расымен де ол коммунизмге ұмтылған Кеңес үкіметі үшін “күн көсемге” айналды. Бұрын орыстың үйінде Исаның суреті ілініп тұрса, ендігі жерде Лениннің суреті тұратын болды. Елд мекендердің барлығында Лениннің қолын алдыға созып, “комунизмге” шақырып тұрған ескерткіші тұрды. Ақиқат діннен ажырамай, өзінің қоңырқай ғана тіршілігімен күн кешкен біздің ата-бабаларымыздың арасында жай ғана оның есіміне тілі тиіп кетіп немесе төрде ілулі тұрған суретін жыртып алып, 10 жылға жер аударылып, Сібірге айдалып кете барған бейкүнә қазақтар көп. Кеңестік кезеңде ғұмыр кешкен қазақ ақындары ішінде оған жыр арнамағандары да кемде-кем.

Үнің кетпес құлақтан –

Ағыны күшті бұлақтан.

Тау суындай тасқыны,

Талқандап құзды құлатқан.

Өрісі кең өрлеген,

Түбі терең мұхиттан,

Ағыны жылдам сынаптан.

Жер жүзіне тараған,

Аузына əлем қараған,

Қара қылды қақ жарып,

Жылағанды жұбатқан.

Солтүстік пен оңтүстік,

Батыс, Шығыс – əлемде

Балдан тəтті сөзіңнің

Дəмін алған, ұнатқан.

Үнің мəңгі өшпейтін

Адамзаттың алыбы,

Батыры сенсің – Ленин! – деп келетін Жамбыл жыры соның айғағы.

Әлемдегі ең ұзын адам. Роберт Уодлоу
Құранның алғашқы аяттарын иемденген Ленин
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу