Қалың мал беру дәстүрі

Oinet.kz 15-01-2020 705

қалың мал.jpg

Адам атаны жаратқан соң Ұлық Алла оны пейішке кіргізді. Адам жәннатта жалғыз жүрмесін деп, Алла тағала оған жұп жаратуды ойлапты. Хауа ананы Адам атаның сол жақ бұғана сүйегінен жаратады. Ояу болса, бұғанасы ауырып, жанына батар. Қиналғаннан Хауаны жек көріп кетер. Ал, қалың ұйқыда жатқанда жаратсам, Хауаның қайдан жаралғанын білмей, жат көріп, суып кетуі мүмкін деп, әдейі ұйқылы-ояу халінде жаратты. Адам оянған соң, аппақ нұрдан жаралған жаулық астындағы сұлу әйелді көріп, оған көңілі ауады. Сосын Аллаға:

– Ия, Алла, бұл кім? – деп сұрайды. – Бұл – сенің жұбың. Мен оны сенің тәніңнен жараттым, – деп жауап береді. – Мына әйелге көңілім ауып тұр. Оны жақсы көріп қалдым. Оған үйленсем бола ма? – деп сұрайды. – Болады. Бірақ қалың малын төле, – депті. – Иә, Алла, мен оған қалың малын қалай төлеймін? Мендегі бар мүлік – өзіңдікі. Тіпті үстімдегі киімді де сен бердің, – дейді. Сонда Тәңірі тағала: – Ақырдың соңында шығатын сүйікті пайғамбарым, өзіңнің ұрпағың Мұхамбет пайғамбарға он рет салауат айт, – деді де, салауат айтудың үлгісін Адам атаға өзі үйретіпті. Адам ата он рет салауат айтып, қалың малын өтейді. Осыдан бастап ер адам үйленгенде келіншегіне ақы төлейтін дәстүр пайда болыпты. Ер адам сапалы топырақтан жаралғандықтан, қартайса да өңін бермейді екен. Әйел адам еттен жаралғандықтан, боянып күтінбесе, ажары ерте таятын болыпты.

«Отбасы хрестоматиясы»

Күріштің пайда болуы хикаясы (қисса)
Тұз төгілсе не болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу