​Жазушы Әбіш Кекілбаевтың ой-толғамдарынан

Oinet.kz 16-01-2021 826

Әбіш Кекілбаев.jpg

Жалпы маған өзінің халқын сынайтын адамдар, өзін сынайтын, өзіне көңілі бітпейтін жандар ұнайды. Бұл жағынан алғанда, әйелдерді жақсы көремін. Әйелдер өздерінің сұлу екенін біліп тұрса да айнаға күніне қырық рет барады. Сонда олар "мен сұлу емеспін" деп бармайды, өзінің сұлулығын арттыру үшін қырық рет барады. Өзінің ұлтын, өзін сынайтын адамдар да осы айнаға қарағыш әйелдер секілді. "Бізге осы да жарайды" деген немқұрайлы алқам-салқамдық пен "Бәрі бізге қарап отыр, біз деген перенбіз" деген кеудемсоқтықты суқаным сүймейді. Ұлттың жауы – мақтаншақтық, бөспелік, дарақылық. Сондықтан ұлтыңды жақсы көрсең – алдымен өзіңе өзін сын көзбен қара деген қағида бар.

20.02.2007 ж. Ақтау.

Әсет Ақмолданың Facebook парақшасынан алынды

​Бейімбет Майлиннің Ілияс Жансүгіровке жазған хаты
Жазушы Оралхан Бөкейдің жары Ардақ Бөкееваның естелігінен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу