13 жыл бойы бірге тұрып бала сүйе алмай ажырасқан шын ғашықтар

Oinet.kz 22-10-2022 15071

Олар он үш жыл бірге тұрды. Бір-бірін сүйді, бірақ бала сүймеді. Ажырасты. 

Screenshot_5.jpg

Ертеңіне ері  үйге кеп шифоньердің ішін қипақтап, ұзақ қарады. "Затым қап қойыпты..." деді, өксік үнмен. Əйел түйсігімен  оның ештеңе іздеп жатпағанын, сезімдерді ұзақ сақтағысы келгенін түсінді...

Екеуі құшақтасып, қимай тағы қоштасты. Есіктен шыға бере "жылы киініп жүр, күздің салқыны жаман..." деді қамқор үнмен. 

Ол келесі жылы үйленді. Келіншек егделеу кісіге тұрмысқа шықты. Екеуі де балалы болды. Бақыттымыз деп ойлады...

Арада жылдар өтті. Алматының мұңлы жымиып тұратын көшелерінде кездейсоқ жолығып қалды... Екеуі де рөлде. Адамдардың бір-бірін басып кетуге рұқсат етілген көшеде, шыдамсыз жүргізушілер бұрылып қарауға да мұрсат бермеді... "Көзіңе қара, байқа, фарыңды жақсаңшы" деп үлгерді қамқор үн. Келіншек сөйлегісі келіп еді, даусы шықпай қалды. Егіліп ұзақ жылады... 

Өмірде жүрек қана түсіне алатын, жүрек қана ұға алатын, жүрек қана іздейтін, ешкім, ештеңе баса алмайтын сезім бар...

Әлия Құдайбергенова

Оқушысын сыныптастарының алдында масқарадан құтқарып қалған ұстаз
Тапқыр кедей өркөкірек байды әбден састырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу