Өзін зорлады деп жігітке жалған айып таққан қыздың оқиғасы

Oinet.kz 13-02-2023 1725

"Қыздың жақсысы барымен емес арымен өлшенетін замандар екен" -дейді. Екі жас некеден бұрын көңіл қосып қояды.

Screenshot_20230223_114819_Facebook.jpgӘке қаһарынан қорыққан қыз "мені зорлады" деп жігітті айыпты қылады. Жігіт қанша ақталса да болмай, ақыры екі жақ бидің шешіміне жүгінеді. Екі жақты тыңдап болған би қыздың әкесіне:

--Қызыңның денесінде ешқандай жарақат жоқ екен. "Зорлады" дегені өтірік. Сенің айып сұрайтын орның жоқ дейді! Қыз әкесі бұл сөзге келіспей дау үдей түседі. Ақыры, би елді жинап соңғы шешімін айтуға кіріседі.

Екі жасты алдына қатар отырғызған би, жігіттің қолына қанжар береді, қызға қанжардың қынын ұстатады. Жігітке, "Қанжарыңды қыздың денесіне жарақат түсірмей қынына сал. Ал, қызым сен қыныңды тоқтатпай қимылдатып тұр. Жігітке салғызбауға тырыс" -дейді. Жігіт қанша епті әрекет жасасада қанжарды қынынына сала алмай қояды. Қыз салғызбайды. Қаттырақ қимылдауға қызды жараққаттап алудан қорыққан жігіттің амалы таусылады.  Сол кезде би қызға: "Тоқта" деп бұйырады. Осы сәтті пайдаланған жігіт қанжарын қынына салып жібереді ғой.

--Көрдің бе? -дейді би қыздың әкесіне. Қыз тоқтағанда ғана жігіт қанжарын сала алды. Ал, зорланған болса денесінде жарақат болар еді. Бұл тірлік екі жақтың ықтиярымен болған. Сен енді құн сұрауды қой. Қанша даурыққан мен "Сынған топатай орнына келмейді". Мен екі жастың басын қосуға шешім шығарайын. Сен, аталық батаңды бер - деген екен жарықтық.

Қазіргі уақытта қандай? Қыз " мені зорлады" десе болды заң соның жағында. Ел де шулап, ақ-қарасын ажыратпай жатып байғұс жігітті апарып-әкеліп жататындар бар. Қазақта "Құнажын көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді" деген сөз бар. Тым бір жақты пікірде болған дұрыс емес -ау, деймін да…

Тойкенов Айдар Темірбекұлы

Мына фотода 5 бос бөтелке бар. Бірақ оны 90 пайыз адам таба алмайды
Ұлы орыс қызға үйленіп кеткен кейуананың елді сүйсіндірген әрекеті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу