Экологиялық талаптар қатаң бақылауда
Төлеби ауданы - Оңтүстіктің жауһары саналатын, әсем де, тұмса табиғатымен ерекшеленетін қасиетті өлке. Ауданда ауылшаруашылығынан бөлек туризм саласы да қарқынды дамып келеді. Бүгінде таулы, нулы өлкеге ағылатын туристер де, туристік нысандар да көп. Алайда туризм – санмен емес сапамен өлшенеді. Мамандардың мәліметінше ауданда 300-ге жуық демалыс аймағы бар. Олардың табиғатқа зиян келтірмеуі аса маңызды. Өйткені табиғат адамзаттың басты байлығы әрі туризмнің өзегі саналады. Осы мақсатта өңірдегі демалыс үйлерінің экологиялық талаптарды сақтауы қатаң тексерілуде. Ал табиғатты ластап, күл-қоқыстарын өзенге тастаған, су жағалауы белдеуін қалдырмай салынған нысандардың егелеріне, жер телімдерін тиісті мақсатында пайдаланбай отырған кейбір кәсіпкерлердің үстінен сәулет бөліміне, жер инспекциясына және ГАСК мекемесіне шара қолдану үшін ресми хат жолданыпты. «Біздің мақсатымыз — жабайы туризм емес, мәдениетті туризм құру»,- дейді сала мамандары.