Демалыс аймақтары тазаланды

Oinet.kz 27-07-2025 56

image.png

Тау бөктері, өзен жағалаулары адамдардың  жиі демалатын орындары саналады. Осы ретте Төлеби ауданының әкімдігі табиғат аясында демалуды ұнататын туристерге тазалық сақтау мәдениетін түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізіп келеді. Таяуда аудан басшысы  Еркеғали Амантайұлының бастамасымен мемлекеттік мекемеде еңбек етіп жүрген екі жүзге жуық қызметшілер Қасқасу ауылдлық округіндегі Сайрам су өзенінің жағалауында санитарлық тазарту жүргізді. Тау баурайын тұрмыстық қалдықтан тазартып, қоршаған ортаға деген жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Тазалық шарасы барысында 7 шақырым өзен бойы тазаланып, 9 тонна қоқыс арнайы техникамен полигонға жеткізілді.  «Құрметті, ауданға келуші туристтер, қонақтар!  Табиғатты аялау — әр азаматтың борышы. Тазалық – аудан шырайын кіргізіп, қоршаған ортаға әдемілік сыйлайтын маңызды шаралардың бірі. Сондықтан қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау –басты міндетіміз. Қоғам болып, табиғатқа жанашырлықпен қарап, қоқысты кез келген жерге тастамауға шақырамыз!»,- деген аудан әкімі барша тұрғындары мен қонақтарды тазалықты сақтауға шақырды. 

Тау етегінде орналасқан Төлеби ауданының табиғаты туризмге сұранып-ақ тұр. Бүгінде бұл мүмкіндікті аудан басшылығы да,  ауыл тұрғындары да игілікке пайдалануда. Әсем табиғаттың сыйын одан әрмен туризммен дұрыс үйлестіре білсе Төлеби ауданы облыстың ғана емес республиканың басты туристік аймағына айналатынына күмән жоқ.   

Экологиялық талаптар қатаң бақылауда
Төлебиде модульді лагерь ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу