«Қуаныш» лагері балаларды қуантуда

Oinet.kz 29-07-2025 54

image.png

Тұмса табиғатымен ерекшеленетін Төлеби ауданында қазіргі таңда туристерге қызмет көртететін  254 демалыс үйлері бар. Жылдың кез-келген кез-келген мезгілінде қонақтарды қабылдауға дайын демалыс кешендері жанға жайлы, нағыз табиғатпен үндестік тапқан мекендер. Туризмі алға басқан ауданда енді балалар туризміне де аса көңіл бөлінуде. Оған дәлел аудандағы тау шатқалдарында балаларға шаттық сыйлап жүрген жазғы сауықтыру лагерлері. Сондай нысандардың бірі – «Қуаныш» лагері балалардың жүрегінен ерекше орын алған орталық.      

  Демалыс аймағына бұл күнде еліміздің түкпір түкпірінен оқушылар келіп жазғы демалысын көңілді өткізіп жатыр. Жаз мезгілінде бұл демалыс аймағына еліміздің барлық аймағынан 4 мыңға жуық бала келеді. 9-14 жас аралығындағы оқушылардың әр күніне арнайы жоспар түзіліп, бала көңілін көтеруге бағытталған бағдарламалар бар. Бір қабылдауда 11 топқа біөлінеді. Балалар 10  күн таудың таза ауасын жұтып, бұлақ суымен толтырылған хауызға шомылады. Тәрбиешілері де білікті мамандар. 

«Біздің тәрбиешілер балаларды жүректеріне жақын тартып, үнемі олардың  көңілінен шығуға барлық ынталарын салып, жұмыс істейді. Жалпы бізде «Қазақстан халқы» қорынан Қызылорда және Түркістан облысынан: Созақ, Шардара, Мақтаарал аудандарынан демалушылар келіп тұрады»,- дейді «Қуаныш» жазғы сауықтыру лагерінің құрылтайшысы Салтанат Шанарбаева. 

Демалыс орны жұмысын бастағалы 3 жылдың ішінде 10 мыңға жуық бала осы аймақта демалған. Балғындар жаңа достар тауып, лагерден жағымды әсер алған. 

Мұнда балаларға бес мезгіл тамақ беріледі. Түрлі ойындар ойнатылып, өлкенің табиғатымен балаларды таныстыру үшін экскурсиялар ұйымдастырылып тұрады.   

Ауданның таулы аймағында орналасқан лагер балаларды қызықтырмай қоймайды. Тау бөктеріндегі демалыс аймағы балалардың денсаулығына оң әсер етеді. Ал білікті тәрбиешілер оқушыларды  топтастырып жұмыс істеуге, достықты ту етуге баулиды.  

«Тау барысы» - балалардың шаттық мекені
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу