«Тау барысы» - балалардың шаттық мекені

Oinet.kz 29-07-2025 55

image.png

Жазы жайдары, табиғат әсем Төлеби ауданы туризм саласын дамытуға таптырмас өлке. Тау етегінде жайлап жатқан ауданда қазіргі таңда жанға жайлы демалыс орынлары баршылық. Енді олардың қатарын балалар лагерлері толықтыруда. Жақында ауданда балалар туризмін дамыту әрі оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану,  олардың бойында патриоттық пен экологиялық мәдениетті дарыту мақсатынжа  «Тау барысы» жазғы сауықтыру лагерінде 9 модульді нысан қолданысқа тапсырылды. Бұл лагерь 180 балаға арналған және жаз бойы жұмыс істейді. Заманауи талаптарға сай жабдықталды. Әрбір 20 орынға бір жауапты жетекшіден қарастырылған. Жас буынның жайлы әрі қауіпсіз жағдайда тынығуына барлық мүмкіндік сыйлайды. Лагерьдегі оқушылар ұлттық, спорттық, экологиялық, туристік, танымдық, шығармашылық жалпы барлық бағыттарда дамиды. Түрлі мәдени-рухани іс-шаралар, экспедициялар ұйымдастырылады.

Айта кетейік, биыл балаларға жасалған ерекше қамқорлық – модульді лагерь жобасының қолға алынып, сәтті жүзеге асырылуы. 5 мемлекеттік лагерьде 52 модульді корпус салынды. Нәтижесінде, 8 мыңға жуық қосымша орын ашылып, сауықтырудан өтетін балалардың саны артты. Модульді корпустар тау бөктерлерінде, заманауи, әрі санитарлық талаптарға сай, жылдам және тиімді қаражатпен бой көтерді. Модульді лагерь жобасы «Балауса», «Балдәурен», «Тау нұры», «Тау барысы» лагерлерінде қолға алынды. 

«Алатау» - балалар туризмін дамытуға үлес қоспақ
«Қуаныш» лагері балаларды қуантуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу