«Алатау» - балалар туризмін дамытуға үлес қоспақ

Oinet.kz 28-07-2025 57

image.png

Төлеби ауданында жақында  ерекше балалар лагері ашылды. Оның  ерекшелігі жылы он екі ай балаларға қызмет көрсетпек. Бұл Президенттің тапсырмасына сәйкес балаларға бағытталған жыл бойғы лагерълер идеясы аясында қолға алынды. Түркістан облысы әкімінің тікелей қолдауымен жүзеге асқан – Тасарық ауылдық округіндегі «Алатау» оқу-сауықтыру лагері – әлеуметтік қорғау жүйесінен босаған ғимараттың облыстық білім басқармасының теңгеріміне өтіп, демалыс аймағына айналды. Ағымдағы жөндеу жүргізіліп,  балаларға есігін айқара ашты. Мекеменің негізгі бағыты өзгеруіне соңғы жылдары мүгедек балалар санының азаюы себеп болды. Осыған байланысты арнаулы мектеп-интернат Сауран ауданына көшіріліп, барлық қажетті жағдаймен қамтамасыз етілді.

«Алатауда»  жыл бойы 5 мыңдай оқушының демалып, білім алуына мүмкіндік бар.  Толық  заманауи  инфрақұрылыммен жабдықталған. Қауіпсіздік талаптарына толығымен сай келеді. Мұнда балалардың демалуына, салауатты өмір салтын ұстануына барлық жағдай жасалған. Лагердің аумағы абаттандырылып, балаларға арналған ойын және спорт алаңдары салынған. Лагерде бір мезгілде 300-ге жуық бала тыныға алады. Балалар үшін ыңғайлы жатын орындар, кең асхана, барлық санитарлық талаптарға жауап беретін ғимараттар қарастырылған. Сонымен қатар балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған үйірмелер жұмыс істейді. Сурет салу, ән айту, би билеу, қолөнер секілді түрлі бағыттағы іс шаралар ұйымдастырылған. Одан бөлек спорттық үйірмелер де қарастырылған. Футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат және басқа да ойын түрлері балалардың қызығушылығын арттыратыны анық. 

«Бұрын бұл мекеме №4 арнайы балалар үйі болатын. Кейіннен заманауи орталыққа бейімдеп, құрылыс жұмыстары жүргізілді. Балалардың демалысына қажетті барлық нысандар салынды. Орталықта Төлеби ауданының оқушылары демалуда. Әсіресе, әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы отбасының балалары қабылданып жатыр. Мұндағы әр ауыл лагеръ деп айтсақ болады. Біздің лагеръ де тура таудың түбінде орналасқан. Тәлімгер, тәрбиешілеріміздің барлығы тәжірибелі, білікті мамандар. Әр онкүндікке арналған жоспарларымыз бар. Балалардың уақытын тиімді өткізу әрі мәдени-тарихи мұрамызды дәріптеу, таныстыру мақсатында экскурсия өткіземіз»,- дейді «Алатау» оқу сауықтыру орталығының директоры м.у.а Самат Амангелдиев.

 Жазғы маусым аяқталғаннан кейін оқу жылы барысында лагеръ жыл бойы жұмыс істейтін мекеме ретінде қалыптасатын болады. Жалпы аталған нысанда биыл 2500-дей төлебилік балалар демалады деп жоспарланған.  

 «Алатау» атауын иемденген жаңа лагеръ барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Мекеменің территориясы 12 гектарды құрайды. Келесі жылы аумағын тағы кеңейтетін боламыз. Енді жаз мезгілінен бөлек, өңірдегі үздік оқушылар, спорт пен өнерді облыстың намысын қорғап жүрген балалар жылдың басқа мезгілдерінде де кезең-кезеңімен осында демалуға мүмкіндік алады.   Одан бөлек Ақайдар ауылында 9 гектар жерге келесі жылы тағы бір жаңа лагеръ ашуды жоспарлап отырмыз»,- дейді аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов.   

Лагерде балалардың қауіпсіздігі бірінші орынға қойылған. Тәжірибелі тәрбиешілер мен медициналық қызметкерлер тәулік бойы  кез-келген жағдайға дайын тұрады. Сондай-ақ күн сайын мәдени, спорттық шаралар ұйымдастырылып, балалардың көңілін көтереді. Жазғы демалыс балалардың бір жыл бойы алған білімін демалыспен ұштастырып, жан-жақты дамуына мүмкіндік беертін кезең. Әсіресе ауылдық жерлерде мұндай лагерлердің ашылуы өте маңызды. Мұнда балалар табиғатпен ете жақындасады. Табиғат аясында серуендеу, экологиялық танымдық сабақтар бүгінгі ұрпақтың бойында  туған жерге деген сүйіспеншілікті  арттыратыны сөзсіз.  

Төлебидегі ақсап тұрған балалар туризмі саласына жұмысын бастаған жаңаша, түрленген, заманауи лагерълер  қайта қан жүгіртті.  

Төлебиде модульді лагерь ашылды
«Тау барысы» - балалардың шаттық мекені
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу