​Жәнібек хан баға берген шипагер

Oinet.kz 11-12-2018 871

«Менен ұрпақ қалмаса да, күндердің күнінде мені әлемге әйгілейтін «Шипагерлік баяным» артымда қалмақ», – деп жазды Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы кітабында. Бірақ, оның шипагерлігі сол 15 ғасырда-ақ хандардың өзін мойындатқан. Кезінде Жәнібек хан ғұлама шипагер онымен алғаш танысқанда шипагерді сынап, байқап, әрі іліміне баға бере келе Өтейбойдақ Тілеуқабылұлына "Қараүзген шипагер" екенсің деген атақ береді. 

Screenshot_21.jpg

«Қараүзген» деген сөз қазір қолданысымызда болмаған соң, жай адамдар түсіне бермеуі де мүмкін. Өз замандында бұлай айтылған атақты қазіргі академик деген сияқты атақпен салыстыра түсіну керек шығар. Бұл құрмет оның көп салалы гуманитарлық т.б. ғылымдардан да сауатты білімі барлығын, ілімді ірі тұлға екендігін білдіреді. Шипагер: «Іске аспады арманым, қараң қалды. Шың басына шыққанда арандалды» – деген зарлы арманы бес ғасыр өткенде орындала бастады. Қараүзген шипагер өзінің "Шипагерлік баянын" жазарда ғылыми шипагерлікті негізгі арқау етіп алғанымен, тіл, діни тәрбие, мәдениет, әдебиет, тарихи шежіре, этнография, эстетика, этика, философия, психология, астрономия, заң, метеорология, математика, анатомия мен физиология, фармацевтика т.б. ғылымдар саласын бір арнаға топтастырып, адам денсаулығын жақсартып дамытудың негізгі іліміне пайдалану мүмкіндігін, ұлттық этникалық стилді сақтай отырып ұсына білді. 

Шешекке қарсы шипа тапқан алғашқы адам
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы. Өмірбаяны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу