Шешекке қарсы шипа тапқан алғашқы адам

Oinet.kz 11-12-2018 894

Бұл індет шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының талай отандастарының өмірін жалмады және бұған дауа таба алмағаны оның қабырғасына қатты батты. Көптеген ізденістер мен сынақтардан кейін ол қарапайым халық емін ойлап тапты. Емші шешек жарасының іріңін алып, тананың шабын тіліп, соған жақты. Бір аптадан кейін ол жерде ісік пайда болады және оның сұйықтығы шешекпен ауыратын адамның терісіне жағылады. Ал аурудың алдын алу үшін бұл дәріні адамның білегіне жағады. Медицина тарихында шешекке қарсы екпені ағылшын дәрігері Эдуард Женнер алғаш рет 1796 жылы ашты деп есептеледі. Ал Өтейбойдақ осы қауіпті індетке қарсы емді Женнерден көп уақыт бұрын ойлап тапқан. 

Screenshot_21.jpg

Шипагер бір ғана ауруды емдеумен айналыспай осы заманғы акушер дәрігерлердің қызметіне де еңбегін арнағаны, «Бала теріс болса онда әйелді тулаққа салып орап, оңға үш рет және солға үш рет шайқаса бала орнына келеді» - дегені осы заманғы медицинаға қосқан оның алғашқы тәжірибелік үлесі болмақ. Шипагер еңбегінің қамтыған ауқымы кеңдігін  4600-ден аса шипалық емі мен оның ішіндегі тағамдық емдік рецептердің кездесуі қазақтың халықтық шипагерлігінің сол уақыттан да ары дамығандығын  айқындайды.

Ө.Тілеуқабылұлының шипагерлік ілімін бір ғана ғылыми талдаумен баяндап беру мүмкін емес. Шипагер өзі құрметтеп ұстаз еткен, білімдерін жоғары бағалаған бабаларына арнап: «Әбунәсір әл-Фараби айтқандай, меніңше де талас-тартыссыздық нәрсені алла жаратпаған. Бірақ Баласағұн айтқылық осынаулық кейбір аталымдық дәуірлік тіл өзгерімдік айтылғысы ұқсамаулық болғанымен, түпкі мәні бір деулік» - деген данышпандық ойында инабаттылықты сақтап философиялық ұғымында қарағанын аңғартады.

Өтейбойдақтың өсиеті
​Жәнібек хан баға берген шипагер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу