Өтейбойдақтың өсиеті

Oinet.kz 09-01-2020

Адамға өмір тәттілігі мен жан тәттілігін, отаны мен халқы тәттілігін, отбасы тәттілігі қымбаттығын білдіреді. Бұл мақсат орындалуына бірлік тәттілігінің маңызы зорлығы ашық оймен айтылады. Шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы еңбегінің ең құнылығының бір жағы адам баласын имандылыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа, әдептілікке, отан сүйгіштікке жету жолдарына дұрыс бағыт беруі. Ол адам қалыпты өмір сүру үшін мына нәрселерден айырылмау керек екендігін айтады: 

Screenshot_21.jpg

- Ақылыңнан айырылма. 

- Ел бастаушы көсеміңнен айырылма 

- Шешеніңнен айырылма 

-Көппен көресің, еліңнен айырылма 

-Жаныңды алса да, сырыңнан айырылма. 

-Жаман деп қатыныңнан, көшем деп отыныңнан айырылма. 

-Ризғысыз пенде болмас, даяр асың – малдан айырылма. 

-Ағайын, туыс, дос-жарансыз кім бар? Болмашқа өкпелеп, досыңнан айырылма. 

-Қырық найза қарғы деп, қарқудай баспанаң қосыңнан айырылма. 

- Пенде қару санаты бес қаруды тастама. Шыбын жаның шыққанша намысыңнан айырылма. 

Қай-қашан да қонаққа тиіспеу. Қонақ дидар-ғайып дегендей, қай мезгілде үйге қонақ келсе қарсы алып, күтіп алу мағынасында айтылған. 

Қай-қашан да көршіге тиіспеу. Қазақ көршісін ренжітпеген, көршілермен тату-тәтті болуды дәріптеген. 

Қай-қашан да елшіге тиіспеу. Cонау жаугершілік заманнан бері екі жақ елшіге тиіспеу туралы келісім жасасқан. Қай-қай елшіге де тиісуге болмайды.

 Өзіңді зор, басқаны қор деме. Көппен көрерсің, еліңнен айырылма, өзіңді мықтымын деп өзгені қор санауға болмайды.

 Кебенек іші мың арып, мың семірмек. Жаныңды алса да, сырыңнан айырылма. Адамдар өмірде бірде азап шексе, бірде рахат көреді, құпияны сақтай білу, өзіне опасыздық жасамау керек. 

Жаман деп қатыныңнан, көшемін деп алып қойған отыныңнан айырылма. Өз туыс, ағайындарыңнан безбе, өзіңе-өзің мықты бол. 

Пенде қадір санаты бес қаруды тастама. Шыбын жаның шыққанша намысыңнан айырылма, жаман жолдасың болса, жаныңда қанжарың болсын, өлімнен ұят күшті, кезі келгенде намысты қорғай білу керек. 

Оның бұл философиялық ой толғамы адалдыққа, батылдыққа, парасаттылыққа, отаны мен халқын қорғауға ақыл-кеңесі екенін айқындайды. Бүкіл әлем Ибн Сина мен Әбу Насыр әл-Фарабидің ұлы туындыларын білетінін ескерсек, маңыздылығы жағынан олардан қалыспайтын еңбек жазған Өтейбойдақтың есімі де қазақ халқы үшін ұмытылмайды. 

Шипагерлік баян» кітабы арқылы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының тек қана ғұлама шипагер емес, сонымен бірге халықтың өмір салтына, дүниетанымына, рухани мәдениетіне мейілінше қанық болғаны, өз заманының терең ойлы, ұлтжанды тұлғасы болғаны айқын аңғарылады. 2002 жылы Қазақстан халық емшілер қауымдастығы Өтейбойдақтың жерленген жері Алматы облысы Райымбек ауданының Шәлкөде жайлауындағы Айқайтас бөктеріне арнайы құлпытас орнатты. Алматы қаласындағы бір көшеге аты берілді. 

Күйеуді сыйламаудың кесірі қандай?
Шешекке қарсы шипа тапқан алғашқы адам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу