Бастауыш сыныптарға арналған жаңа жылдық сценарий

Oinet.kz 19-12-2019 8413

Жүргізуші: Жаңа-жыл жаңа әннің тербелуі

Жаңа-жыл ақ арманның өрленуі.

Жаңа –жыл партадағы лүпілдеген,

Кішкентай шәкірттердің ержетуі.

Жаңа-жыл қайсарлық пен жүректілік

Баратын болашаққа білек түріп.

Біз жаңа жылдарға қол соғамыз

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

Армысыңдар қадірменді ата-аналар, ұстаздар және көрікті де көркем балалар.Мерекелеріңіз құтты болсын.Жаңа жыл баршамызға жаңа бақыт, жаңа нұр, жаңа шаттық әкелсін.

аяз ата.jpg

Оқушы:Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайын.

Көргендер де, көрмегенде арманда,

Жаңа-жылың құтты болсын ағайын.

Талай қызық болар деп тамсанамыз

Осы күнді сағынып, аңсағанбыз

Жасыл шырша жанында қол ұстасып

Жаңа-жылды қосылып қарсы аламыз.

Жүргізуші: -Рахмет. Ия осы күнді барлықтарың асыға күттіңдер.Ендеше мерекемізді бастайық.Балалар алдымен бәріміз шыршаны айнала тұрып шеңбер құрайық. Ал енді бір-бірімізбен амандасып алайық

Қатар тұрған 2 бала бір-бірімен амандасады екі қолдарын алақандарын тигізіп , екі жағындағы баламен

Жүргізуші: Балалар бүгінгі мерекеде не істейміз?

Жүргізуші: Би билеуге дайынбыз ба, би билейік қолдарын айқастырып айналу

Жүргізуші:

Ендеше бүгін ән айтуға дайынбыз ба, кәне дайындығымызды көрсетейік

(Таң ата келді ата әнімен) Ән айту жануарлардың дыбыстарымен

Ал енді мерекемізді бастап шыршаны айналып ән айтайық.

Шыршаның маңында 1-2 ән айту.

Осы кезде сайқымазақ келеді балалармен амандасады . Сол кезде 2-сайқымазақ келеді.

-Оо, салем достым, салем?

деп амандасады.

-сен неге мына балалармен аманаспайсың?

-сенен басқа ешкімді көріп тұрған жоқпын

-ендеше көзілдірігіңді киіп ал

-көзілдірігім қайда?

-басында

2-сайқымазақ бәрінің басынан көзілдірігін іздейді 1-сайқымазақтың басынан да іздейді

1-сайқымазақ:

-балалардың басында емес, сенің басында

2-сайқымазақ:

-ааа

деп көзілдірігін киіп алады да балаларды көреді

-ууу қандай көп балалар

1-сайқымазақ:

-ал енді олармен амандас

2-с балалардың әрқайсысына барып сәлемдеседі

1-с:

-өй сен бұлай әрқайсысымен амандасып жүретін болсаң қартайғанға дейін амандасасың ғой. Бәрімен ортақ амандасу керек

2-с:

-Ол қалаай ?

1-с:

-Міне былай ортаға шығасың да, Салем балалар, дейсің түсіндің бе?

2-с

-Ия (ортаға шығып) салем балалар түсіндің бе?

1-С: Түсіндің бе дегенді айтпайсың

2-с: жанындағы балаға Түсіндің бе деп айтпайсың

1-с: Оған айтпайсың мен саған айтып тұрмын

2-с: балаға қарап Оған айтпайсың мен саған айтып тұрмын ғой

1-С:

-саған, саған айтып тұрмын

2-С:

-Не маған ,маған .Не маған сыйлық бересің бе?

1-С:

-Неге мен саған сыйлық беруім керек?

2-с:

-Бүгін мереке ғой.Ал мерекеде сыйлық бермеуші ме еді.

1-С:

-Ал сен бүгін қандай мереке екенін білесің бе

2-С:

-Әрине білемін. Бүгін 8-наурыз. Әкел Сыйлықты.

1-С: күледі: Біріншіден саған сыйлық жоқ, өйткені 8-наурыз аналар мен қыздар мерекесі.Екіншіден бүгін 8-наурыз емес , ол көктем мерекесі ал қазір қыс.

2-С: -ААА ендеше бүгін балаларды қорғау күні шығар. Өйткені мында көп балалар жиналып алыпты ғой

1-С: -Жоқ.Таппадың.Балалар мерекесі жазда.

2-С: Туу бұл қандай мереке өзі (Басын қасып ойланады) –балалар маған көмектесіңдерші.Бұл қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл

2-С: ООО жаңа жыл!жаңа жыл ! Алақай.Алақай

1-С: Балалар мен сендерге бүгін жаңалықтар әкелдім

Егер жаңалық сендерге ұнаса алақай дейсіңдер, ұнамаса ой-ой дейсіңдер.

  • Бүгін бізде жаңа жыл мерекесі

  • Жаңа жыл мерекесіне көңілді қыздар келді

  • Бұл мерекеге тәртіпсіз ұлдар келді

  • Кешіріңіздер ұлдар тәртіпті екен

  • Барлық қыздар жақсы оқиды екен

  • Жаңа жыл мерекесінен кейін демалысқа шығамыз

  • Демалыс 1-ақ күн болады екен

  • Жоқ 1 апта демаласыңдар

  • Мерекемізге қазір Аяз ата келеді

  • Аяз ата қапшығымен әкеледі

  • Жоқ Аяз ата көп-көп сыйлықтар әкеледі.

    1-С:

    Өте жақсы ойнайды екенсіңдер. Рахмет сендерге.Ал енді мерекемізді жалғастырайық.

    2-с: Осы бүгінгі мерекеде бір нәрсе жетпей тұрған сияқты.

    1-с: А мен білемін шыршаның шамдары жанбай тұр ғой, ия балалар!

    2-с: Оны қалай жағамыз.

    1-с : Туу сол да сөз болып па?Қазір мен жағып берейін.-деп сөмкесінен фонарь алып оны жағып шыршаға іліп қояды да алақай шыршамыз жанды алақай ән айтайық би билейік деп қолын шапалақтап шыршаны айналады.

    Жүргізуші: Балалар мына сайқымазақ шыршамызды дұрыс жақты ма?

    -Жоқ

    2-с: Былай тұршы-деп 1-с Итереді

    -Мен жағу білемін.Оны сіріңкемен жағу керек.Қазір деп сөмкесінен сіріңке мен шырпыны алып шығады да тұтата бастайды.

    Жүргізуші:-Ой-ой сайқымазақ. Қой деймін саған .Қазір сен шыршамызды өртеп жібересің.Шыршаны жақпайды.Оның шамдарын жағу керек.

    2-с:-аа солай ма .Енді не істейміз,балалар.

    Жүргізуші: Балалар бізге шыршаның шамдары жану үшін кім керек?

    Балалар:-Аяз ата

    Жүргізуші:

    -Ал ендеше мерекемізге Аяз атамызды шақырайық

    Аяз атаны шақыру.

Аяз ата мен Ақша келеді

Аяз ата: Уа, жұртым, жиналған.
Көңілдерің дүр маржан
Айналайын ұлдардан
Айналайын қыздардан

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Жүргізуші:

Ақ таяғын таянып

Таңмен бірге оянып.

Аяз ата келіп тұр

Ақ күпіге оранып

Көрдіңбе аяз атаны

Аппақ екен сақалы

Аппақ екен мұртыда

Аппақ екен шапаны

Ақшақар: Салем балалар. Мерекелерің құтты болсын.Өздерің өте көркем болып кетіпсіңдер. Барлықтарың өсіп қалыпсыңдар.

Ал,кәнекей балалар

Жаңа жылда

Шыршамызды айналып

Ән мен жырға басайық.

Той думанды жалғайық

Аяз ата: Ия қызым дұрыс айтасың.Бірақ шыршаны айналмас бұрын оның әсем шамдарын жақпаймыз ба?!

Сайқымазақ: Ия Аяз Ата шыршаны жағайықшы. Біз Бағанадан бері жаға алмай қойдық. Жақсылап көріп, шырша жағуды үйреніп алайықшы.

2-Сайқымазақ: Сізге шыршаны жағу үшін қандай зат керек.Сіріңке керек пе әлде шам керек пе?-деп шырпы мен фонарьді ұсынады.

Аяз ата: Жоқ-жоқ мен бұл шыршаны мына таяғым және мына балардың сиқырлы сөзімен жағамын.

1-С: Ол қандай сөз

Аяз ата: Ал кәнекей сиқырлы сөзімізді айтайық:Кәне шырша таңырқат

Шамдарыңды жарқырат

3 рет қайталау.

Шыршаның шамдары жанады.

Балалар Аяз атамен қосылып шыршаны айналып ән айтады.

Аяз ата:

Ал енді жыл сайынғы дәстүріміз бойынша ескі жылды шығарып салаық, жаңа жылды қарсы алайық.Ау ескі жылым қайдасың?

Ортаға ескі жылқы жылы келеді:

Мен дағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақ ниет.
Сіздерге мың рахмет.
Барлығы: Қош бол, Жылқы жылы, Қош бол!
Ақшақар: Ал енді ортаға Жаңа жыл қой жылын шақырайық

Жаңа жылды шақыру.

Жаңа-жыл: Мен –Жаңа жылмын,

Мен –Жаңа нұрмын.

Мен-жаңа жырмын,

Баршаңызбен біргемін

Тағат таппай күткенің

Бұл қой жылы еді,

Әкелемін баршаңа

Жаңа бақыт, жаңа жыр.

Аяз ата: — Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат.Он екі ай бойы
бағып-қақ.Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!

Жүргізуші: Ортамыздағы өнерлі балалар жаңа жылымызға ән арнағысы келіп тұр.

Ән жаңа жыл.Орындайтын 3-сынып

Осы кезде ортаға көңілді, өнерлі, сәнді, биші қыздар келеді.

-Салем балалар Біз көңілді биші қыздармыз.Әр мерекеге барып балалармен қосылып би билегенді, сән көрсеткенді ұнатамыз.

Ендеше ортаға қыз кейіпкерлерді шақырып, өз костюмдерімізді бәріне әдемі етіп көрсету үшін сән көрсетейік.

Музыка

Қыздар сән көрсетеді.

Аяз ата кәмпиттерін береді.

Биші қыздар:Енді ортаға жан-жануар боп киінген балаларды шақырамын.Олармен көңілді би билейік.Флеш моб АРРИВА музыкасымен

Ақша қар: Аяз ата мына балалармен мен ойын ойнағым келіп тұр. Бұл ойын балалардың сауаттылығын тексеретін ойын.Балалар сендер әріптерді танисыңдар ма?

Ал сөздерді оқи аласыңдар ма?

Ал енді әріптерден сөздер құрастыра аласыңдар ма?

Баларға әріптерді тарату.

Жаңа жыл, Шырша, Сыйлық, Ақша қар, Желтоқсан , Қыс деген сөздерді құрастыру.

Жүргізуші:-Құрметті аяз ата Біздің балаларымыздың сізге дайындаған өз өнерлері бар. Соны көрсеңіз.

3-сынып би Макарена

2-сынып ән Толеу Назерке Қыздар би

4-сынып би

4-сынып Ән

2-сынып би вальс

Сыйлықтар тарату.

Аяз ата: Ал, қарақтарым! Менің сағатым соғып жатыр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!

Жаңа жыл — жаң бағыт,

Әкелсін далама құт.

Өнерлілерің көп болсын,

Елде уайым жоқ болсын.

Тілектерің ақ болсын,

Бастарыңа бақ қонсын.

Келер жылы келермін,

Өнер тағы көрермін.

Сыйлық әкеп сендерге,

Көптен-көптен берермін.

Жақсылыққа толыңдар,

Тек биікке қоныңдар.

Келесі жылы көргенше,

Амандықта болыңдар!

І жүргізуші: Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.

ІІ жүргізуші: Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.

Аяз ата қызын ертіп, көмекшілерімен бірге шығып кетеді.

І жүргізуші: Құрметті достар! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, тұлпардай жүйрік болайық. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!

Сиыр жылы. Жаңа жылға арналған сценарий
«Қош келдің, Жаңа жыл» мерекелік кеш сценариі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу