Жаңа жыл балалар әндері

Oinet.kz 19-12-2019 1964

Келді, міне,Жаңа жыл!

Шаттық сыйлап әр үйге!

Жаңа бақыт, жаңа нұр,

Үлкен, кіші, сәбиге.

жаңа жыл сценарий.jpg

Жаңа жауған ақ ұлпа,

Қар жамылды даламыз.

Балаларды сағынта,

Келді Аяз атамыз.


Айдай ару Ақшақар,

Көмекшісі сол екен.

Аяз ата-ақсақал

Сыйлықтары мол екен!


Қандай сұлу шыршамыз,

Ортамызда тұр жайнап!

Жаңа жылда баршамыз,

Шаттанайық, кел, ойнап!

Меломен - Жаңа жыл текст
«Жаңа жыл - жаңа нұр» текст
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу