Жаңа жылдық құттықтаулар (4)

Oinet.kz 20-12-2019 1463

Жаңа 2012 жылмен ең ізгі құттықтауымды қабыл алыңыздар! Келер жыл Сіздерге қуаныш, жаңа ұмытылмас әсерлер мен үкілі үміттер сыйласын! Ұлы жылы ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалатын жарқын да көңілді, табысты әрі мақсатты жыл болуын тілеймін! Сәтсіздіктер өткеннің еншісінде қалып, Өкпе-реніштер ұмытылып, достық пен сүйіспеншілік дәуіріне жол ашылғай. Барлық бастамалардың бағы жанып, сүйікті ісіңіз қанағат әкелсін, жаңа білімдерге, жаңаша тәжірибеге, биік кәсіптік белестер мен асқар асуларға жетелесін! Алдағы жыл әр адамның жұлдызы жоғарылап, абыройы артуына мол мүмкіндіктер туғызып, өмірімізді мәнді оқиғаларға, татулық пен жасампаздыққа толтырғай! Баршамыздың тасымыз өрге домалап, отбасылық бақытқа кенелейк, жан жылылығына бөленейік! Жаңа 2012 жыл құтты болсын! Мейірім сәулесі мен шапағат шуағы молынан болғай!

жаңа жыл.jpg

Шығыс Қазақстан әкіміің құттықтауы/Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл өткен жылдың қорытындысын жасап, атқарылған істі саралайтын кезең екендігі белгілі. Халқымызда “Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп” деген даналық сөз бар. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз. 2011 жыл біз үшін берекелі де жемісті болды. Біздің көпұлтты өңірімізде татулық пен достықтың, ынтымақтастық пен бірліктің бұзылмас қамалы қалыптасты. Осы ымырашылдық бізге кезкелген қиындықты жеңуге септігін тигізуде. Келер жыл толағай табыстар әкеліп, халқымыз игілікке, мемлекетіміз молшылыққа, әр шаңырақ береке,бақыт пен шаттыққа кенеле берсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Жаңа жылдарыңызбен, ардақты ағайын!

Жаңа жылдық құттықтаулар (3)
Туған күнге арналған тілектер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу